Астанада әлемнің жетекші оқу орындарының көшбасшылары бас қоспақ

Астанада әлемнің жетекші оқу орындарының көшбасшылары бас қоспақ

2012 жылдың 20-21 шілде күндері Астана қаласында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы өтеді,- деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 

Форум ұйымдастырушысы Назарбаев университеті. Аталған оқу орын баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осындай дәрежедегі дискуссиялық алаң Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 

Қазіргі таңда Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 30-дан аса мемлекетінен білім саласындағы топ-менеджерлер, білікті ғалымдар мен зерттеушілер, үкімет адамдары мен саясаткерлер форумға қатысу ниеттерін білдірген. 

Қатысушыларды тіркеу 31 шілдеге дейін жалғасатын болады. Форум спикерлері ретінде Назарбаев университетінің стратегиялық әріптестері - Кембридж университеті, Лондон университет колледжі және Пенсильвания университеті болады деп күтілуде.

Жалпы Еуразия форумында жоғары оқу орындарын басқару, жоғары білімнің даму трендтері және ғылыми зерттеу, оқыту, сабақ беру саласындағы сапаны бағалау секілді тақырыптар өзекті мәселе ретінде қозғалмақ.

Сондай-ақ, форум барысында Білім жоғары мектебінің ашылу салтанаты өтеді және де Назарбаев университетінде Мемлекеттік саясат жоғары мектебі мен Бизнес жоғары мектебінің алғашқы академиялық программалары ашылады.

 
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: sergey-mironov.livejournal.com

Ж. FM