Бүгін Қазақстан бойынша кешенді тестілеу басталды

Бүгін Қазақстан бойынша кешенді тестілеу басталды

Талапкерлердің кешенді тестілеуден өтуі Қазақстан бойынша 19 шілде күні басталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

ТКТ биыл 19 шілде мен 23 шілде аралығында 37 жоғары оқу орнында өтеді. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2012 жылы кешенді тестілеуге 65 мың 168 адам қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 2,5 есе жоғары көрсеткіш.

Тест тапсырушылар санының артуы, жоғары оқу орнына түсу үшін техникалық және мамандырылған білім мекемелері түлектерінің тестілеуге міндеттемелі түрде алғаш рет қатысып отырғандықтарында. "Өткен жылдары олар қандай да бір тестілеусіз ЖОО-ға түсіп жататын", - дейді Білім және ғылым министрлігі. 

Ағымдағы жылы ниет білдіргендердің барлығы байқау сынағынан өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығы 900 мыңнан аса байқау кітапшалары мен 200 мың тестілеу пәндері бойынша оқу құралдарын шығарды.

Бұл жылы Білім және ғылым министрлігі кешенді тестілеу қатысушыларына 2700 білім грантын бөлді. Сондай-ақ тестілеу кезінде әр ЖОО-да мемлекеттік апелляциялық комиссия құрылған. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: lifecity.com.ua

Ж. FM