Данышпан өлімнен қалай бас сауғалады?

Данышпан өлімнен қалай бас сауғалады?
Фото: hdw.eweb4.com

Баяғы өткен заманда ерекше дәстүрге сүйенген ел болыпты. Елде қолға түскен қылмыскерлерге өлім жазасынан аман қалу үшін мүмкіндік беріледі екен. Нақтырақ айтар болсақ, қамалдың үлкен алаңында дарға асылудан бұрын айыптылар екі қағаздың бірін таңдау құқығына ие болыпты. Егер "өмір" деген жазуы бар қағазды көтерсе, басы аман қалған. Ал егер "өлім" жазуы шықса, сол жерде өмірімен қоштасатын болған.

Осы елде тұратын данышпанның жаулары көп болады. Олар үнемі дара тұлғаның көзін жоюдың амалын жасауға тырысады екен. Бір күні бейкүнә кісіге жала жабылып, өлім алдындағы таңдауға жетеді. Жаман ойды жүзеге асыруға тырысқан адамдар оның таңдау кезінде де жолы болмауына барын салып, екі қағазға да "өлім" сөзін жазады. Енді ақылгөй дана қайсысын таңдаса да басы кететіні анық еді.

Дегенмен басына күн туған адамның сенімді достары бар еді. Олар асқан айланы рас екенін біліп, дереу досына жеткізеді. Достары бақытсыз кейікердің таңдау кезінде екі қағазды да ашып көрсетуді талап етуін сұрайды. Дегенмен ол мұндай әрекетке бармайтынын айтады.

Мұның бәрі қас жауларының ісі екенін де ешкімге айтпауын сұрайды. Достары амалсыз үндеуден қалады. Соңғы сәт мәресі келген кезде данышпан таңдау жасап, жазадан аман қалады.

Данышпан бұл жағдайдан қалай аман шыға алды?

Ж. Өрісбай