Еліміздің 20 жекеменшік жоғары оқу орны біріктірілмек

Еліміздің 20 жекеменшік жоғары оқу орны біріктірілмек

Биыл елімізде 20-дан астам жекеменшік жоғары оқу орны біріктіріледі ал, 2013 жылы тағы да 10 университет біріктіріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

"Елбасының берген тапсырмасына сәйкес білім беруді негізгі 3 бағытта жаңарту қажет, нақтырақ айтар болсақ, білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңарту және білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру", - деді Б. Жұмағұлов. 
Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарын біріктіру арқылы жекеменшік бәсекеге қабілетті ұйым құруды көздейтінін ерекше атап өтті. 
Айта кетсек, қазіргі таңда қандай университеттердің біріктірілетіні және олардың қашан біріктірілетіні белгісіз қалып отыр. 
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: expert.ru
Ж. FM