Ерлерге қарағанда әйелдер көзілдірікті ерте тағады

Ерлерге қарағанда әйелдер көзілдірікті ерте тағады

Ғалымдардың ойынша, кітапты оқып отырып, дұрыс ұстамау - әйел затының бүгінгі таңдағы көздерінің нашар көруіне әкеліп соғатын бірден-бір себеп. 

Жас ұлғайған сайын жақыннан көрудің мұңға айналатыны анық. Калифорния университетінің оқымыстылары пресбиопияны (көз аккомодациясының кәріліктен әлсіреуі) зерттеп көрді. Және анықталғандай, ерлерге қарағанда әйел заты көзілдірікті ерте тағатын болып шықты. Оның басты себебі, әйел заты кітапты көзге тым қатты жақындатып оқиды-мыс. 

Әрине, зерттеумен толыққанды келіспейтіндер де бар. Себебі, пресбиопияны бір ғана қырынан қарастырғанды дұрыс көрмейді. Шынында да, қазіргі таңдағы ең өзекті проблеманың бір ғана қыры бар деуге ауыз бармайды. Бірақ, кітаптың бір қатысы бары айдан анық...

Сурет: health.obozrevatel.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига