Қазақстандықтардың саны 16,78 миллионға жетті

Қазақстандықтардың саны 16,78 миллионға жетті

Қазақстандағы халық саны өткен жылға қарағанда 1,5 пайызға өскен. Маусым айының көрсеткіші бойынша 16 миллион 776,6 мың адамға жетіп отыр. Оның ішінде қалада 9 176 мың, ауылды аймақтарда 7 600,5 мың қазақстандық тұрады екен. 

2012 жылдың бастапқы бес айында ел-жұрттың саны  101 191 адамға көбейген. Туғандар саны - 158 852, ал өлгендердің саны - 61 846 (63 503). Бұл дегеніміз, табиғи өсім 97 006 (89 190) адамға өскен деген сөз. 

Және қазақстандықтардың заңды некеге тұруы жиілепті. Өткен жылға қарағанда (51 382 өткен жылы) қаңтар мен мамыр айларында 55 410-ға дейін өскен. Ал ажырасқан некелі одақтардың саны өткен жылға қарағанда (17 535) 19 225-ке жеткен. 

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстандағы мигранттар саны көбейген. Елімізге 13 720 адам кірсе, 9535 адам тиісінше шығып кеткен. 

Сурет: sammyhub.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига