Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Әлемнің дамыған елдерінде қалай білім алуға болады?

Әлемнің дамыған елдерінде қалай білім алуға болады?

Әлемнің  дамыған елдерінде қалай білім алуға болады?

Шетел ЖОО-ларына қабылдану

Мектеп аттестатын алғаннан соң,  шетел ЖОО-ларының студенті болуға талпынып көруге болады. Мысалы, Германияда  сабақ кестесінсіз оқуға болады, АҚШ-та профессорды Жақсылық аға деп емес, жай ғана Жакс деп атауға болады, ал Мальтада оқу тіпті мәңгілік демалысқа ұқсайды. Шетелдік дипломның  Батыста да, Қазақстанда да жұмысқа орналасу кезінде іске асатын кейбір артықшылықтары бар.

Шетелде білім алуға берілмей жатып, алдымен әр елдегі  жоғарғы оқу орнындарының оқуға қабылдау ережелерімен танысқан жөн.  Әр мемлекеттің  білім саласында өзіндік ұлттық  ерекшеліктері болады. Мысалы, Германияда  оқу «міндетті сабақ кестесі жоқ» принципінде құрылған: қалай, қашан және нені оқу, тапсыруды студенттердің өздері белгілейді.

Австралияда еркін сабақ кестесімен қатар, қайта тапсыру да тыйым салынған, сондықтан да  еркіндікке тым әуес болып қалғандар мен бітіру емтихандарын тапсырмағандар, қайтседе диплом алу үшін, басынан бастап курстық  пәндерді өтуге мәжбүр.

АҚШ-та студентерді кино, өнер, мәдениет секілді  тар шеңберлі мамандықтарға тартады.  Англия қалыптасқан дәстүр бойынша келешек экономист, финансист мамандарын дайындайтын  ең үздік мемлекет есептеледі. Канада университеттері  өзінің ең жаңа лабораторияларымен әйгілі, ал Мальта университеттері әлемдік туризм бойынша ең үздік мамандарды дайындайды.

Қаржы мәселесі

Германия, Финляндия, Франция елдерінің  ЖОО-ларының көпшілігінде  білім алу тегін және бұл мүмкіндікпен шетел азаматтары да қолдана алады. Студенттің шығыны ретінде: тұрғын үй төлемі, тамақтануға, транспортқа және әр-түрлі ойын-сауықтарға шығындану болып есептеледі. Әрине, қалалық өмірдің қымбат тұратыны бәрімізге түсінікті.

Ұлыбританияда шетел азаматтарының ЖОО-ларында білім алуы жылына 15 мың АҚШ долларынан басталады, Ирландияда – 10 мыңнан, Канадада – 8 мыңнан, Мальтада – 5-6 мың доллардан басталады. Швейцариядағы студенттік өмірдің бір жылдық құны 20 мың долларды құрайды, алайда бұл сомаға тұрғын үй мен тамақтану кіреді.

ЖОО-ға қабылдану жолдары

Егер сіз білім алғыңыз  келетін мемлекетті таңдап, бірақ қай университетте оқитыныңызды шеше алмасаңыз, сол елдің Қазақстандағы ресми өкілдігіне кеңес алуға баруға болады.

Айтпақшы, сол жерде де өтініш білдірсеңіз болады. Сонымен қатар, дәнекер арқылы әрекет жасауға да болады – қазіргі таңда көптеген шетелдік университеттер қазақстандық білім және туристік агенттіктермен байланыс жасайды.

Агенттіктер сізге оқу орнын таңдап, керекті документтерді жинап, виза алып бере алады. Және олардың  көмегі орта есеппен  1500 -2000 долларды құрайды.

Қажет болатын емтихандар

Шетелдік оқу орындарына қабылдану талабы ретінде мектеп бағдарламасындағы барлық негізгі пәндерден тестілеу  немесе жеке пәндерден емтихан болуы мүмкін. Бірақ аталған іріктеу критерийлеріне қарамастан  бәрі шетел студенттеріне осы талапты міндетті түрде қояды: талапкер қай тілде оқымақ болса, сол тілді білетіндігін растайтын сертификат ұсынуы қажет.

Көбінесе ол ағылшын тілі болып есептеледі. Ол  тілде тек Ұлыбритания мен АҚШ қана емес, сонымен қатар Канаданың, Германияның, Финляндияның, көптеген оқу орындары білім алады. Ағылшын тілді білімге IELTS  және TOEFL емтихандары есік ашады – біріншісін Англияда оқымақ болғандар тапсырады, екіншісін тапсыратындар  - АҚШ университтерінің болашақ студенттері.

Францияда білім алу үшін француз тілін тереңдетіп оқығанын растайтын DALF дипломы қажет.  Германияда шетелдіктердің неміс тілін білу деңгейін анықтайтын негізгі емтихан DAAD (Deutscher Akademischer Austausch Dienst) болып есептеледі. Испан оқу орындарына DELE тіл емтиханын тапсырғанын дәлелдейтін диплом қажет, ал Италияда бұндай диплом CILS деп аталады.

Аталған емтихандарға бәрінен бұрын мамандырылған шетелдік орталықтарда дайындалған дұрыс - InterPress International House, Гете атындағы неміс институты, Итальян тілі орталығы Dipiu, Испан тілі орталығы, Француз альянсы т.б.

Сурет rest048.od.ua сайтынан алынған

16587 12
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 11:00
Пікірлер
+0
05 қаңтар 2012, 18:42

қарап отырсам, қай елде де сол елдің тілін білу керек екен. біздің ел туралы вообще молчу

+0
06 қаңтар 2012, 07:40

Рахмет)

+0
06 қаңтар 2012, 11:44

Қазіргі кезде жастардың көбі шетелде білім алуға ұмтылуда, көмегі тиер деген ойдамын)))))))))

+0
06 қаңтар 2012, 19:27

Шет елден білім алу мүмкіндігіне қол жеткізгендер бақытты шығар

+0
08 қаңтар 2012, 16:33

Жақсылықты Жакс деп:) Мақсатты Макс деп:) Мен Англияда оқуды армандаймын, әттең ағылшынша сайрамаймын...:(

+0
08 қаңтар 2012, 16:50

Бәрі алда, жассыз ғой)) Мүмкін массагет сайты арқылы ағылшынды да үйреніп аларсыз))))))))))(

+0
09 қаңтар 2012, 12:43

Кім- кімнің болсада щет елде оқығысы келеді гой. Мысалы, менде оқығым келеді. Бірақ ағылшынша білмеймін.

+0
10 қаңтар 2012, 11:47

Қазақстанға келдің бе? Онда қазақ тілің бар болсын сенің! орыс пен ағылшын тілін біліп алсаң жеткілікті. Өмір шындығы осы болса қайтіп айтпайын енді. Негізі тақырып білім алу болып еді...

+0
11 қаңтар 2012, 18:34

Мен іздеп жүрген ақпарат еді! Рахмет!!!

+0
15 қаңтар 2012, 19:08

Жасы отыздан асқан адамның университетке түсуіне қалай қарайсыңдар?

+0
17 қаңтар 2012, 00:51

ничего! бізде қырыққа келген апамыз былтыр Англияға оқуға түскен. Келесі жылы, амандық болса, бітіріп шығады!

+0
04 ақпан 2012, 01:52

Неге бізде ашылып жатқан престижді оқу орындарына түсу үшін ағылшын, математика т б әйтеуір бірдеңе білу қажет болса да қазақ тілі туралы ешкім жұмған аузын ашпайды? соны түсіне алмай ақ қойдым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...