Ұйықтамайтын балақай

Ұйықтамайтын балақай

"Жарты өмірің ұйқымен өтеді" -деп басталатын сөз тіркесі бүкіл әлемде бір ғана адамға қатысты болмай шықты. Шынымен, күні-түні көз ілмейтін кішкентай ғана баланың осыншалық ерлікке барып отырғанына таңғалған боларсыз. Иә, кіп-кішкентай бала бола тұра өзіне берілген мүмкіндіктерді қазірден жүзеге асыруда. 

Осы бір үш жастағы  Ретт Ламб есімді бала қатарластымен таңның атысынан кештің батысына дейін күліп ойнағанды жақсы көреді.  Құлын-тайдай тебісіп жүрген бүлдіршін бір қарағанда көп балалардан ерекшеліге де жоқ сияқты. Алайда, бұл баланың туғаннан болмысы бөлек. Қысқасы, бұл баланың өз ортасынан ерекшелігі - ұйықтамайды. Ата -анасы да бастапқыда қорыққандықтан дәрігерлерге қаратып та көрген. Бірақ, дәрігерлердің өзі де ғылымда бұл сияқты мәселемен бұрын-соңды ұшырасып көрмегендіктен практикалық жүзде ештеме дей алмаған. Бар болғаны медицина саласында сирек кездесетін синдром (ағылшынша «chiari malformation» деген атауы бар) деп баға берген.

Басты мәселе жұлынның қызметінде болып тұр. Сол себепті да ағзаның бірнеше міндеттері бұзылатын көрінеді. Соның бірі - ұйқы қызметі. Бірақ, бұның балаға келтіретін еш зияны жоқ болып саналады. 

Сурет:via-midgard.info

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига