Өң мен түстің ортасындағы суреттер

Өң мен түстің ортасындағы суреттер

Байрон жырлап кеткен Францияны өнер мен білімнің астанасы десек, артық айтқандық емес. Әсіресе, Париждегі сурет өнерінің XX ғасырда-ақ көш ілгері дамып кеткені бәрімізге мәлім. Ендеше, түс пен шындықты, жанды мен жансызды бір арнаға тоғыстырып, байланыстыра, қабыстыра сурет салған Сальвадор Дали турасында сөз өрбиді.

Сальвадор Дали - әлемдегі ең танымал әрі атақты суретші-сюрреалист. Осы бір суретші турасында өлшеусіз мақтау-мадақтаулар естіп жатсаңыз, онда еш таңғалмай-ақ қойыңыз. Себебі, тау жыққан талантының арқасында өмірге көптеген бейнелерді, суреттерді, кейіптерді алып келген бір өзі болатын. 

Сальвадор Далидың анықталғандай суреттер мен кейіптерді жасауда өз тәсілі бар болып шықты. 

Дали тап-таза кенептің алдында қолына тәрелкі мен шанышқы ұстаған күйі ұйықтап кетуге тырысқан. Ақыры ұйықтап кеткен. Кенет қайта оянғанда қолындағы шанышқы түсіп кетіп, нәтижесінде тәрелкеге барып тиіп шыңылдаған дауыс шығады. Осы кезде Дали жалма-жан қаламын қолына ала салып, ес пен түстің ортасында өзі түйсініп, сезініп отырған шыңылды сюрреалистикалық кейіпке айналдыруға тырысады... 

Далидың ойынша, адамның ұйықтап кеткенде сана-сезімі күні бойғы ақпараттарды бір арнаға жинап, шатысып, қойыртпақталып барып қос параллель түзеді-міс. Суретшінің не айтқысы келіп отырғаны түсінікті болды. Бәсе, осы бір суретшінің салған суреттері фантастикалық болып көрінбейді. Кезекті адам көретін түстердің суреттері сияқты. 

Суреттер:vookazooka.ru; bonusmag.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига