Мына суреттегі қай қала? #2 (Жауабы)

Мына суреттегі қай қала? #2 (Жауабы)

Бүгін оқырмандарымыздың әлем қалаларынан хабарларын тексеру мақсатында танымал бірнеше қалалардың суреттерін тізіп, 4 нұсқада жауабын берген болатынбыз. Әлбетте, ішіндегі жауаптың біреуі ғана дұрыс еді. Оқырмандарымыз шама-шарқынша жауап беріп, белсене араласты. Және Рио-де-Жанейро, Венеция, Барселона, Париж қалаларын бірден таныды. Тағы бір айта кететін жайт, бұл сынағымыз алдыңғыға қарағанда өте тартысты өтті.

Жазба жарық көргеннен-ақ, қырағы оқырмандарымыз кезек-кезек жарыса жауап беріп жатты. Ал ішінде Уалихан мырза,  Кожакелди Алданов атты тұрақты оқырмандарымыз 1-2 жерден аздап қателесіп жатса, Абылай ӘбіләзімRamazan Amangeldin атты  оқырмандарымыз барлық сұраққа дұрыс жауап берді. Бізді қуантқаны да осы. Оған қоса, оқырманымыз  Абылай Әбіләзім бұл қызықты сұрақтардың жақсы бастама екенін алға тартты. Оған да қуандық. Ал ендеше, бәріміз асыға күткен дұрыс жауаптарды бірге тексерейік, құрметті оқырман.

1. Рио-де-Жанейро

2. Венеция

3. Мәскеу 

4. Дубай 

5. Барселона

6. Нью-Йорк

7. Чикаго 

8. Париж 

9. Мале (Мальдив аралдары)

10. Амстердам

Оқи отырыңыз:

1. Мына суреттегі қай қала? #2

2. Мына суреттегі қай қала?

3. Нью-Йорк Орталық паркінің көрінісі

4. 20 метр қар бойымен өтетін жоларна

Сурет: qzr.me, adme.ru 

Е. Жұмабайұлы