Адам зердесі жаңартқан рекордтар

Адам зердесі жаңартқан рекордтар

Кезінде әл-Фараби бір кітапты 30-40 рет оқып шыққан дегенде, сенбеген боларсыз?! Әрине, ол заңдылық қой. Бірақ, адамның ерекше жаратылыс екенін өзіңіз де мойындарсыз. Ендеше, арыдан алмай-ақ, ғасырлар тоғысында орын алған немесе өмір сүрген адамдардың жасаған ерліктері турасында аз-маз мәліметтер келтіре кетсек.

Польшалық "Гурник" футбол командасының есепшісі  Леопальд Хелд (12 жыл бойы жұмыс жасаған) аталған команданың бүкіл ойынын білетін болған; оның ішінде ұтылысын, жеңісін, кіммен ойнағанын, қалай ойнағанын.

Қытайлық Гу Янлинь өзінің 26 жасына дейін Харбиннің 15 мыңға жуық телефон нөмірлерін білген. Ал Тасманиядағы анықтама бюросының қызметшісі Паула Прентис өз өмірінде 128603-ден астам телефон нөмірлерін иелерінің аты-жөнімен, тұратын жерімен қоса білетін болып шыққан. Одан жергілікті құтқару қызметі көмек сұрайтын болған.

Оңтүстік Африкалық мемлекет қайраткері Ян Христиан Смэтс қартайған шағында 5000 кітапты оқып, жаттап алған. Ал бирмандық Виситтабм Вумса 1974 жылы буддалық каноникалық мәтіндердің 6000-нан астам бетін жатқа соққан.

Әлемнің ең мықты ойынханалары ағылшын азаматы  Брайенге ойнауға тыйым салған. Ол өзінен кейін үстелде қандай карта қалғанын үнемі біліп отырған. Және банктың бүкіл ақшасын тауысып жібере жаздаған. Осы бір азамат әлемдік есте сақтау жүйесі жақсы дамыған адамдар арасындағы жарыста бірінші орынды иеленген. Ол он бес минут ішінде қытайдың 152-ге жуық сөзін жаттап алған. Оның үстіне екі-үш аптада бір тілді меңгеріп шыға беретін қабілеті болған.

Ал әлемдегі Линкольннің ең әдемі әрі айнымай шыққан суретін Брайеннің ізбасары Нью-Джерси штатының тұрғыны салып шыққан. Аталған азаматша Америка президентін өмірінде бір-ақ мәрте көрген. Қайғылы оқиға болатын күні жылап отырып, бейнесін айнытпай салуға тырысқан.

Жапондық Хидеаки Томоери "пи" санының үтірден кейін 40 000 таңбасын атап берген.

Анкаралық Мехмед Али Халиси 1967 жылы 14 қазанында алты сағат ішінде Құранның 6666 өлең жолын жатқа оқып шыққан. 

Валерий Лавриненко екі жарым сағатта 100-ден астам таңбаны есте сақтай алған. Және таңбаларды кез келген тәртіп бойынша қателеспей айта берген.

Самвел Гарибян еш қателеспей 1000-ға жуық сөздерді мүдірместен қайталап айтып бере алған. Соның ішінде он тілді өзі таңдап алған екен. 

Америкалық Барбара Мур 1852 жылдан қалған жадындағы әндерді араға қаншама жылдар салып еш қиналмай орындаған. Оның қойған кеші 1988 жылдың 25 қазанынан 13 қарашасына дейін жалғасын тапқан.

Сурет: epidemiolog.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига