Жол бойындағы кітапхана

Жол бойындағы кітапхана

Германияның Берлин қаласында кітапхана ашылды. Дәл жол бойында орналасқан бұл кітапхана көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Әрі оқырманға керекті, таңдаулы туындылар ұсынылмақ. 

Кітапхананы жобалаушылар алдағы күнге сенімді қарау үшін бірқатар азаматтық "заңдарды" жасап шығарды. Заң бойынша сіз ұнатқан бір кітабыңызды алу арқылы, орнына бір кітабыңызды қалдырып кетесіз. Қашан үйге барып, тауысып келгенше, сіздің кітабыңызды бөгде адамдар оқи алатын болады. 

Іштен күдік тууы да заңдылық. Алаңдамай-ақ қойыңыз, сіздің қалдырып кеткен кітабыңыз бүлініп қалмасы белгілі. Оның үстіне кітапты мәдениетті, ұятты адамдар оқиды. Ал мәдениетті адамдар ешқашан артық, ағат істерге бармайды. 

Мүмкін сіздің бақытыңыз енді жолығар. Жо-жоқ, кітаптың ішіндегі дүниені (кейіпкер) айтып отырған жоқпын. Сол дүниенің сізге сыйлаған сергектігі сіздің махаббаттыңызды тауып бере алса ше? Ол болмаса өмір бойы армандаған пікірлесіңізді, сырласыңызды жолықтырса ше? Бәрі де мүмкін. Өмір мен кітап...

Сурет: stihi.ru

Л. Лига