Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ерлер білуі керек этикет

Ерлер білуі керек этикет

Ерлер білуі керек этикет

Қоғамды таныған сайын, адам білімді болғысы келеді. Ал адам білімінің бастауы - этика. Этикет бізге қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Және тәрбиелейді. 

1. Әйел заты сүрініп немесе құлап бара жатса, шынтақтан ұстау керек. Бірақ, жай кездерде ер адамды қолынан ұстау керек-керек еместігін әйел шешеді. 

2. Көшеде кетіп бара жатқан ер адам әйел затының сол жағынан өтуге тиіс. Оң жақтан тек әскерилер ғана өте алады. Олар да өз кезегінде ыстық әскери сәлемімен.

3. Отырыста ер адам әйел баласының рұқсатынсыз шылым шегуге тиісті емес. 

4. Шығар есікке беттегенде немесе кіріп бара жатқанда, ер адам өзінен бұрын әйелге жол беріп, артынан жүруге тиіс. 

5. Баспалдақпен түсіп, әлде жоғары көтеріліп бара жатып, ер адам өзінің жарына сақтық етеді. Бір-екі қадам алдынан немесе бір-екі қадам артынан жүріп отырады.

6. Лифтіге бірінші ер адам кіреді, ал шыға берісте, әйел затына жол береді.

7. Көліктен бірінші болып ер адам түседі. Ол көлікті айналып барып, сүйіктісі отырған есікті ашып, шығуына көмек етеді. Ер адам көлікті өзі жүргізетін жағдайда, сүйіктісін шынтақтап барып, алдыңғы есікті өзі ашып, отырғызады. Егер екеуі де жолаушы болып мінетін болса, ең бірінші көлікке әйел баласы жайғасады. Іле артынан ер адам отырады.

8. Ғимаратқа, үйге кіріп бара жатып, ер адам әйел баласының үстіңгі киімін шешуге көмектеседі. Шығып бара жатқанда, киіндіріуге ат салысады. 

9. Қоғамдық орындарда әйел заты тұрып тұрған жағдайда, ер адам отыруға тиісті емес. (Қоғамдық көліктерге де қатысты).

10. Әдеп бойынша, ер адам кездесуге кешікпеуі тиіс. Керісінше, бір-екі минут бұрын ерте барып, әйел баласын жайғастыруға құқылы. Әйтпесе, ер адам кешігіп келіп жатса, әйел заты ыңғайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Ал ер адамның белгілі себептері болып жатса, кешірім сұрап, ақталуға тиісті. 

11. Кез келген әйел заты ауыр зат пен тұрмысқа керекті дүниелерді көтеріп бара жатса, кез келген ер адам көмек қолын созуға міндетті. Оның қатарына жеңіл шуба, манто, сөмке, т.б. кірмейді. 

12. Қоғамдық ортада өз әйелі туралы әңгіме өрбітпеуге тиісті. 

13. Әңгіме кезінде ер адам қолын қалтасына, төсіне қойып тұрмауы керек. Және қолында әр түрлі бұйым мен заттарды айналдырмау қажет. Сыйламағандықтың белгісі болып табылады. 

14. Кафеге немесе кішігірім мейрамханаға бірінші ер адам кіреді. Себебі, ол өздерінің кім болып табылатындарын, қай үстелге тапсырыс бергендерін, кімнің төлейтіні туралы әңгіме қылады; үлкен ортаға тойлап келгенде, шақырған адам өзі төлейді. 

Сурет: loveyou.nsknet.ru

10112 17
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 29 мамыр 2012, 18:31
Пікірлер
+0
29 мамыр 2012, 19:08

Қоғамдық орындарда әйел заты тұрып тұрған жағдайда, ер адам отыруға тиісті емес. (Қоғамдық көліктерге де қатысты)

+1
29 мамыр 2012, 20:11

шіркін, осы қағидалардың бәрін сақтаса ғой жігіттер......

+0
29 мамыр 2012, 21:42

Осындайды естіп ап қыз боп туғаныңа тағы бір ырза боп қаласың да)) :D

+1
29 мамыр 2012, 23:01

Ал біз ұл боп туганымызга)))

+0
29 мамыр 2012, 23:18

:lol: :lol: :lol:

+1
30 мамыр 2012, 01:32

Жігіттердің құлағына алтын сырға!!!Жап жақсы жазылған

+0
30 мамыр 2012, 09:57

Кейде осындай қарапайым этиканы білмейтін жігіттерді көргенде өкінесің

+0
30 мамыр 2012, 10:35

келісемін :|

+0
30 мамыр 2012, 10:33

Келіспейтін жерлері көп екен)))
*Көшеде кетіп бара жатқан ер адам әйел затының сол жағынан өтуге тиіс. Оң жақтан тек әскерилер ғана өте алады. Олар да өз кезегінде ыстық әскери сәлемімен.* көшедегі көп әйелдің қайсібірінің сол жағынан айнала бересің,мынаны оқымаған қыздардың өзі көшедегі әйелдердің тек сол жақтарынан өтіп жүрген жігітті(ол айналып өтеді,кесіп өтпеуге тырысады ғой) он бес минөт бақыласа "жынды" деген мөрі бар қағазды сыртынан ұстата салар еді. Әскерилердің ыстық сәлемі жайлы уставта жазылмаған сондықтан да бұл жәй әзіл. Бұған қарсы бір ғана уәж айтсам"қыз бала ер адамның алдынан кесіп өтпеуі тиіс", "көшедегі қай еркекке жол береміз" дер едіңіздер.Сондықтанда мүмкін емес нәрсе.

*Қоғамдық орындарда әйел заты тұрып тұрған жағдайда, ер адам отыруға тиісті емес. (Қоғамдық көліктерге де қатысты).*
Әрине,ізет көрсетуге қарсы емеспін. Бірақ,ерлерден әйелдер көп,оның қайсібіріне орын бере бересің?! Оданда түнгі үште тұрып алып жаяу кетейік жұмысқа,8 ден аса жетіп те қалармыз. Өз басым мүгедектерге, қарттарға, балалы адамдарға және екіқабат әйелдерге ғана орын ұсынамын. Мейлі құлағымды кесіп алыңдар бұл үшін. Ауырып тұрғаны анық білінсе орын ұсынуға болады.

*Әйел заты сүрініп немесе құлап бара жатса, шынтақтан ұстау керек.* мынау тіпті күлкілі. Шамасы білегінен дегісі келген болар. Кей жағдайда белінен ұстап қалуға да болады.Жағдайға байланысты.

+0
30 мамыр 2012, 10:40

:lol: айттыңыз ба дедім ғой! ;) қоғамдық көлікке байланысты мен де Стамбулдың адамдарымен солай сөз таластырып қалып едім. Біздің жақта ондай емес деп. Асылында солай ойлайтын біздің елде де бар екен ғой!. :) :)

+0
30 мамыр 2012, 10:46

өзің ойлашы,барлық әйелге орын беруге ешкім міндетті емес.

+0
30 мамыр 2012, 11:06

иә, ешкім ешкімге міндет артпайды. Бірақ ең маңыздысы сыйластық емес пе?! ;)

+0
30 мамыр 2012, 10:41

қайдағы қағида қазақтың менталитетіне келмейтін дүниелер ғой еврейлердің ермегі ғой біз қазақпыз еврей емеспіз бұл этиканы ұстанатындай

+0
30 мамыр 2012, 11:40

кейбір түрлерін сақтауға болады ғой. Әлде қазақтарша қыздың қасына келіп алып, ауызда сағыз жалп-жалп еткізіп: "қалайсың ей" деп немесе "сызылмай, тез - тез жүрші" этика ма?

+0
30 мамыр 2012, 11:42

мен келіспейтіндерімді жаздым

+0
30 мамыр 2012, 12:25

оо Бутя келді :lol: 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...