Неге телефон мен калькулятор сандары бірдей орналаспаған?

Неге телефон мен калькулятор сандары бірдей орналаспаған?

Қазіргі таңда өмірімізді телефон мен калькуляторсыз елестету еш мүмкін емес. Осы аппараттар қоғамның жетекші көшбасшысына айналып отыр. Әрине, бірінші кезекте алғыс жаудырарымыз анық. Алайда, сіздің сұрақ қойғыңыз келмей ме? Неге телефон клавиатурасындағы 1,2,3 цифрлары жоғары орналасқан да, ал калькуляторда төмен орын тепкен?

Оның жалғыз ғана себебі бар. Ол - телефон мен калькулятордың "арғы аталарының" бөлек болғандығы... 

Әу баста түймелі телефон мен калькулятор екі бөлек аппараттың арқасында дүниеге келген. 1960 жылдардың бас кезінде үндес телефондар мен қалыпты телефон дискілері шыға бастады. Олар жоғарыдан төмен қарай (цифрлары) өсіп отыратын. Алайда, сол кездерде мынадай сұрақтар туындады: Түймелерді қалай қойған дұрыс, тұтынушы жаңа аппараттың әсерінен психологиялық дискомфорт алып қалмай ма?

Осынау сұрақтардың бәріне жауап табу мақсатында, әрі тұтынушының назары мен қолайына жағу үшін бастапқы кезде түймелерді аппараттың екі жанынан да қойып көрді; кейінірек дөңгелек түрінде шығарды да. Сонымен ұзақ уақыт үзілістен соң, өндірушілер телефон түймелерін жоғарыдан төмен қарай орналастырып, дағдыға айналдырып жіберді. Бұл жаңа аппарат нөлмен аяқталып, дискілі телефондарда да қолданылып кете барды.

Ал электрондық калькуляторлар механикалық есептегіш машиналар мен касса аппараттарының арқасында дүниеге келді. Мұндағы яки калькуляторларда цифрлар төменнен жоғары қарай орын тепті: нөлден тоғызға дейін. Бастапқы үш түйме орналасқан күйі сол қалпында қала берді. Әрі тез арада есептеп жіберуге қолайлылық тудыратын еді. Тіпті, елдің бәрі бір қолмен-ақ есептеуді ұршықша иіретін болып алды.

Сурет: 2u.ucoz.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс