Өмір сүрейік алмасып...

Өмір сүрейік алмасып...

Миллиондардың жүрегінен орын алған, талайлардың ыстық ықыласына бөленген "Аватар" киносын көріп пе едіңіз? Бүгінгі әңгіме сол хақында. Нақтысын айтсақ, шведтік нейребиолог Хенрик Эрссон адамның сана-сезіміне ғылыми тұрғыда зерттеу жасады. Еш таңғалмай-ақ қойыңыз, енді сіз де өз дүниеңізді ауыстыра аласыз.

Шведтік нейребиолог Хенрик Эрссон сана-сезімге, қиял мен елестерге ғылыми эксперимент жасады. Онда ол адам баласының сана-сезімі бөтен, өзіне жат дүниелерді де өзінің ішкі немесе сыртқы дүниесіндей (мүшелерді де айтуға болады) қабылдайды деп сендіреді.

Дәл "Аватар" киносындағыдай, адамның сана-сезімі басқа денеге көшіп, өзін толыққанды сол дүниенің иесіндей сезінетінін растайды. Ол осынау эффектердің (зерттеулердің) көмегімен болашақта дімкәс адамдарға протез қоюға әбден болады дейді. Алайда, бұның бәрі басқа ғалымдарға виртуальды әлемнің сұлбасындай көрінетіні анық.

Хенрик Эрссонның зерттеу барысында анықтағаны, адам миының әсерінен, жекелеген мүшелерге байланысты сауалдар туындайтын көрінеді. Ол үшін ғалымдар сынаққа қатысушы адамдарға әр түрлі көңіл-күй мен әсердің аясында болуды қадағалып тапсырған. Бөгде дүниенің өзінің иелігіндей санауы үшін, оларға тітіркену мен қобалжулардан аулақ болуларын ескерткен. Сонда барып қана жан дүниенің орын ауысуы мүмкін деп сендірген. Алайда, зерттеу дәлелдегендей адам миы мен сана-сезімі барлық денені немесе дүниені меншіктей алмайтын болып шықты. Мәселен, орындық болу, кірпіш болу дегендей...

Қазіргі таңда осы іспетті зерттеулер жалғасын тауып жатыр. Осы күннің сауалдары: қуыршақ денеге адам жаны ауысуы мүмкін бе? Үш қолды бірден иелікке өткізуге бола ма?

Хенрик Эрссонның сөзіне сенер болсақ, онда ол шынайы өмірде адам миы мен сана-сезімі өзге дүниені толық қабылдағандай сезінуі мүмкін дейді. Ал одан арыға алып барар болсақ, адам мен адам арасындағы дене мен жан ауысуы жалған еместігін алға тартады.  Барлық гәп сезім мен сана-сезімде екендігін жасырмайды.

Аталған зерттеулердің шығуына да көп бола қойған жоқ. Бар болғаны ғалымдар осынау зерттеулер мен эффектілерді мультисенсорлық механизмдер арқылы жүзеге асыруға болады дейді. Соның арқасында адамнан шығатын сигналдар сана-сезім арқылы қоршаған ортамен тығыз байланыста болып, сигнал ауысуы әбден мүмкін дейді.

Сурет: nano-planet.org

Л. Лига