Жазда қара түсті киім киген дұрыс

Жазда қара түсті киім киген дұрыс

Сонда қалай болғаны?! Бәріміз білетіндей, көктемнің соңы мен жаз айы мезгілінде киімнің ақ түстісін кию сәнге айналған. Себебі, ақ түс күннен келетін мол шуақты кері серпіп, шағылыстырады. Ал қара түсті киім болса, керісінше, күн шуағын молынан жұтып алады.  Міне, осы бір ұстанымдар бала кезден бастап, миға әбден сіңісіп қалған. Үлкендер де барын салып бағыпты. Сондағы, бала көңіл-ай, ақ-қарасын саралауға тырыспаушы едік қой.

Ал ендеше, ойланып көрелік. Физиктердің көзқарасы бойынша, ақ түс  күннен қорғану мақсатында қажетті «ем».  Бірақ, толыққанды емес. Ақ түсті киімдер күннен келетін жылуды ғана емес,  өзімізден шығатын жылуды да шағылыстырады. Адам – Цельси бойынша 36,5 градус (орташа) көрстеткіштегі сүтқоректі болып табылады. Осы 36 гардус жылудың бәрі ішімізден ақ түске шағылысып, өзімізге қайтып келетін болып шықты.

Екінші жағынан, қара түсті киімдер барлық жылумен қоса, өзіміздің де жылуды жұтып алады. Бірақ, бұл сөз болып па?! (Түрлі-түсті киімдер де ыстықтатады). Күннен келетін жылудан да қорғаштап, қара түсті киімдер сізге рақат көңіл-күй сыйлайды.

Бұның бәрі түсінікті болды. Ары қарай созып жатудың керегі шамалы. Тек еске салатын нәрсе, қатты суықта өмір сүретін аюлар ақ түсті болып келеді. Одан да қызықтысы, шөл далада  көшіп-қонып жүріп өмір сүретін халықтар барлық түсті киімдердің ішінде қара түстісін қолайлы көреді. Олар өздерін 50 градус ыстықта қара түсті киіммен жақсы сезінеді.

 Сурет: v.3bir.com

Л. Лига