Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Жоғарғы оқу орындары бізге не береді?

Жоғарғы оқу орындары бізге не береді?

Жоғарғы оқу орындары бізге не береді?

Өмірде кейбір жандар таңдаған мамандығы мен қалаған жоғарғы оқу орнына таңдап түссе де кейіннен оқуға құлқы бола бермейтінін көріп жатамыз. Тезірек университетті бітіруге асығатындар да табылып жатады. Жоғарғы оқу орнына түсіп алып, оны оқудағы мәніне жете мән бере бермейтіндер де кездеседі. Мәселен, «5 жыл оқисың, ал жұмыс істеуіңе керек нәрсе - тәжірибе жоқ», «Өзімнің 5 жыл өмірімді босқа өткіздім, ал өз мамандығым бойынша жұмыс істемеймін», «Біз бұның барлығын оқимыз, ал өмірімізге мұның бір де бір қажеттігі жоқ қой», «Қызыл дипломмен бітірдім, бірақ ештеңе қолымнан келмейді» деген секілді пікірлерді құлағымыз шалып жатады. Мұндай жанайқайлар көп, бұған қарап сіз де өзіңізге сұрақ қойған боларсыз: «Университетте оқудың қажеті қанша, егер жұмысқа барғанда университетте оқығандарыңның барлығын ұмытып қалсам...».

Сонымен, жоғарғы оқу орнында білім алу бізге не береді? Сіз жай ғана университет бізді теория, тәжірибе немесе басқалай басымызды қатырады деп ойлауыңыз да мүмкін. Бақсаң, барлығы басқалай екеніне көз жеткізе аласың...

Жоғарғы оқу орны бізге не береді?

1. Базалық білім қорын. Егер сіз инженер мамандығында оқитын болсаңыз, онда құралдардың неден құралғанын және қалай жұмыс жасайтынын білуіңіз қажет, ал оны қалай қолдануды сізге үйретпеуі мүмкін, мұны колледж бен техникумдарда үйретеді. Сіз білімнің іргетасына қалыптастырып алсаңыз, қалған керек дүниелерді өзіңіз-ақ толықтырып аласыз.

2. Ойлау машығын. Гуманитарлық білім беруде – абстрактілі ойлау түріне үйретсе, техникалық білім беруде – математикалық.

3. Университет сізге мәңгі серіктес бола алатын достар тауып беруге көмектеседі. Студенттік өмір – өміріңнің бал дәурен шағы.

4. Оқу бізге адамдардың кез келген типімен, түрімен қарым-қатынас құруға үйретеді. Бұл қабілет қазіргі заманда өмір сүрудің ең маңызды құралы болып табылады.

5. Оқу бізге келген ақпараттардың тек керектісін ғана алуға үйретеді.

6. Жеке тұлға ретінде қалыптасуыңа, өмір жолыңды айқындау үшін үлкен бетбұрыстар жасауға жол ашады. 

7. Жоғарғы оқу орны - тәлім-тәрбиенің бір мекені. Өзгелерге қарап бой түзей аласыз.

Сондықтан жоғарыда айтқандай, міндеттелген білімді ала алмай өкініш білдіретін студенттер өз ойларын қайта сарапқа салар, әрине көп нәрсе оқу орнына байланысты болады дейтіндер де бар, алайда оқитын оқу орнын біз өзіміз таңдап түстік емес пе? 

Студенттерді екі топқа жіктеуге болады:

1. Диплом үшін оқитындар, олар үшін тек диплом алу ғана. Сабақтан қалмай оқып жүр, алайда не үшін оқып жүргенін білмейтіндерді де қосса болады. Бұл топтан нағыз кәсіби мамандар шығуы екіталай.

2. Өзгелері тек білім үшін. Олар үшін дипломда қандай баға – қызықсыз, олар үшін қызықты тек білім ғана, сабақта не айтылды – барлығын емін-еркін меңгереді. 

Университет бізге не беретінін барынша түсіндіруге тырыстық. Ал сіз қалай ойлайсыз, Студент? 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: cis.winncom.com, nur.kz

Қосылған күні: 20 наурыз 2014, 16:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2014, 16:32

осы туралы бір блог жазатын шығармын жақында, себебі, студенттік өмірдің 4 жылын артқа тастағалы отырмын, артқа көз тастап, есеп беру керек сияқты, жауабыңды сонда жазармын Өмірбек)

+0
20 наурыз 2014, 16:40

Диплом, жаңа достар, жаңа орта береді.

+0
20 наурыз 2014, 19:38

Жалпы жоғары оқу орнында білгенім, түйгенім көп

+0
21 наурыз 2014, 01:18

баға үшін де, білім үшін де, қызыл диплом үшін де, әлемге жаңа көзқарас, жаңа достар табу үшін де оқыдым) өзім қызығушылық танытқан дүниенің басым көпшілігінен хабардар болдым, еш өкініш жоқ.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.