Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю

1881 жылы англиялық туыт дәрігері Джеймс Бланделл ауырлық күші арқылы қан құятын жабдық ойлап тауып, көп қан жоғалтқан босанып жатқан әйелге қан құйып, тарихтағы алғаш қан құю процесін сәтті орындады. Бұл қан құю технологиясы денсаулық сақтау саласында ұлы төңкеріс тудырды.

Қан құю барысы

1628 жылы Уильям Гарвей адам денесіндегі қан айналым жүйесін байқап, адамзаттың тіршілік қайнарына жаңа мән қосты. 1665 жылы англиялық анатомия-физиология маманы Ричард Лауер екі итке қан құю сынағын жасады. Ол бір иттің күре тамырының қанын жіңішке түтік арқылы қансыраған екінші бір иттің артериясына құяды. Тәжірибе аяқталғанда қансыраған ит дереу қалпына келеді де, қан берген ит жалп етіп құлап түседі. Осылайша бұл тәжірибе бүкіл әлемге тіршілік иесінің өмірін сақтап қалу үшін қан құю әдісін пайдалануға болатындығын дәлелдеді.

1668 жылғы қан құю тәжірибесі

1668 жылы франциялық бір шипагер ашушаң еркектің мінезін өзгерту үшін әлгі еркекке момақан қозының қанын құяды. Бірақ әлгі адам қиналып өледі. Сонымен Франция үкіметі мұндай тәжірибе жасауға тыйым салады. Осылайша қан құю технологиясына тәжірибе жасау 100 жыл уақытқа тоқтап қалады. 1881 жылы туыт дәрігері Джеймс Бланделл жап-жас ананың босану кезінде қанның көп кетуіне байланысты қайтыс болғанын өз көзімен көріп, бойындағы жауапкершілік сезімі оны қан беру әдісінің қажеттілігі туралы жобаны ортаға салуға итермеледі. 1881 жылы қарашада ол сары мыстан жасалынған ине құйғымен дені сау ер адамнан қан алып, босанған әйелдерге арнайы жобаланған құрылғы арқылы құйып, табысқа жетеді. Осылайша ол ауырлық күшімен қан құятын қан құю жабдығын ойлап табады. Бірақ кейін қан құю барысында он адамның төртеуі ғана аман қалып, қалғандары қиналып көз жұмған. Бұл әрине кездейсоқ құбылыс емес еді, ол қан құю техникасында әлі де жанды жалмайтын қателіктердің бар екендігін дәлелдеді. Адамзат қан тобының құпиясы ашылғаннан кейін ғана қан құю әдісі медицинаға шын мәніндегі төңкеріс алып келді.

Алғашқы адамнан адамға қан құю

1900 жылы Австрия патология маманы Карл Ландштейнер әрбір адамның күретамырынан инемен еппен бірнеше миллилитр қан алып, оны солғын сары түсті жартылай мөлдір қан сарсуы мен қызыл жасушаға бөліп, бес адамның қан сарсуын  өзара алмастырып тамызу арқылы және өзінің қызыл клеткасына тамызу арқылы қан сарсуы өз қызыл жасушасына тамызғанда ұйымайтындығын, ал басқа адамның қызыл клеткасына тамызғанда кейбірі ұйып, кейбірі ұйымайтындығын байқайды. Ландштейнер бұдан әр адамның қаны ұқсас емес, яғни қан тобы ұқсамайды деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол қанның А, В, О қатарлы үш түрлі типін табады. Кейін оның шәкірті Дикастро тағы да АВ қан тобын тауып, жиыны төрт түрлі қан тобы бар екенін байқайды. Қан тобы ұқсамайтын адамның қанын құйғанда белок пен қызыл клетканың тұнуы және ұюы арқылы қан іртіктеліп, науқас адамның жанын жалмайтын болып шықты.

Соғыс кезіндегі көмек

Карл Ландштейнернның тәжірибесі қан беру техникасына ғылыми негіз беріп, көптеген науқастың жанына араша болды. Ол адамның қан тобы жүйесін тұңғыш байқағандықтан, 1930 жылы Нобель медицина және физиология сыйлығын алды.

Қан құю тарихының даму үрдісі

Қан құю арқылы басқаларды ажалдан арашалауға болатындықтан, бүгінгі күнде қан беру құрметті іс екендігі белгілі. Адам денесінің қан жасау қызметіне зерттеу жүргізу арқылы, лайықты мөлшерде қан берудің адам денесіне зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы екендігі белгілі болды. 

Жаңалыққа үлес қосқан екі тұлға

Джеймс Бланделл

Карл Ландштейнерн

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар:  Пенициллин 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikipedia.org

M. Auelkhan