Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Пенициллин

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар:  Пенициллин

1928 жылы англиялық бактерия маманы Флеминг пенициллинді кездейсоқ байқайды. Пенициллиннің қолданылуы медицина тарихындағы кереметтерді жаратты. Дәл бұдан бұрын осындай алуан ауруға ем болып, қосымша әсері аз ешқандай дәрі болған емес. Адамзаттың дерт-дербезбен болған күрес тарихы осыдан бастап жаңа парағын ашты.

Бактерияның 3D форматта бейнеленуі

Бактерия маманы Флеминг Лондондағы жұпыны үйінде қарапайым тәжірибехана құрып, адам денесінің қызуын өрлететін жүзімше бактерияны жою әдісін зерттеп жатады. Тәжірибеге бола ол осы бактерияларды көптеп жетілдіріп, зерттеуге пайдаланады. 1928 жылы күздің бір бір күні түстен кейін, Флеминг жүзімше бактерияны жетілдіретін ыдыстың ішінде бір түрлі көк түсті бактерияның (өңез) өсіп шыққанын, әрі оның өз айналасында жүрген жүзімше бактерияны ыдырататынын, жетілдірген зат пен оның тиген жерінің түгелдей тап-таза болғанын кездейсоқ байқайды. Флеминг дереу осы ғажайып бактерияны тұрақтандырып, әрі оны жетілдіруге кіріседі. Тәжірибе нәтижесі осы сары түсті сұйықтықтардың адам денесіне зияны жоқ екенін, жұқпалы вирустарды түбегейлі жоя алатындығын дәлелдейді. Ол жүзімше бактерияны жойып қана қалмастан, өкпе қабыну бактериясы, ақтамақ және антракноз бактериясы сияқты көптеген ауру тудыратын бактериялардың өсуін тежейді, оны тіпті мың есе сұйылдырғанда да бактерияларды өлтіру  қабілеті көрнекті болып қала береді екен. Флеминг осы көк түсті бактерияны пенициллин деп атайды. Флеминг биохимиядан хабарсыз болғандықтан, пенициллинді жетілдірген орнынан бөліп ала алмайды. Флемингтің екі әріптесі Флори және Джен бұл дәріні бөліп алуда оған үлкен көмек жасайды. Олар химиядағы жаңа бір техника – бөлінген қабаттарға анализ жасау әдісімен (осы әдіспен күрделі химиялық заттарға анализ жасайды) таза пенициллинді бөліп алып, зор табысқа жетеді. Екінші дүниежүзілік соғыста жаралылардың пенициллинге зәрулігі оның кең көлемді өндіріліп шығуына мүмкіндік береді. АҚШ-тың дәрі жасау саласы бұл істі дереу қолға алып, 1941 жылы желтоқсанда АҚШ соғысқа кіріскенде, пенициллин ең алдымен өндірілетін әскери керек-жарақтар қатарына енгізілген болатын.

1928 жыл. Флеминг өз зертханасында

Бұрын емі жоқ деп қаралатын қызамық, ақтамақ, мерез қатарлы аурулар пенициллинмен емдеген соң ұшты-күйлі жоғалды. Өкпе қабыну ауруының өлім-жітім мөлшері де көрнекті дәрежеде төмендеді. 1945 жылы соғыстың аяқтауы қарсаңында Флеминг, Флори және Джен үшеуі бірге Нобель медицина сыйлығын еншіледі.

Пенициллиннің бактерияны жұту барысы

Флеминг пенициллинді бірден ойлап тапқан жоқ. Ол бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында өзі қызмет атқаратын Сант-мари емханасының жаңадан құрылған соғыс майданын зерттеу тәжірибеханасында жұқпалы ауруларды зерттейтін-ді. Ол кейбір жаралылардың жарақат аузының микробтануынан шірікқан ауруына шалдығып өлгендігін көзімен көріп, емдеуге шарасы болмай, жүрегі езіле жаны ашитын еді. Оның бактерияны жоятын бір түрлі дәрі тапсам деген арманы күн сайын арта түседі. 1922 жылы Флемин майданнан қайтып, Сант-мари емханасына келген бірнеше жылдан соң, қызметте табысқа жетеді. Бұл табыстары да ойламаған жерден қолға келді, дайындықпен жүрген ол бұл табыстарын таң қалдырарлық тапқырлыққа айналдыра білді. Ол тұмауратып жүргенде, мұрнының суы абайсызда бактерия жетілдіру ыдысына тамып кетеді. Нәтижеде жетілдіру ыдысындағы бактериялардың ыдырап кеткенін байқайды. Сонымен Флемин көз жасы, сілекей сияқты сұйықтықтармен тәжірибе жасап, бірдей нәтижеге ие болады.

1983 жылы Еуропада Флемингтің құрметіне шыққан пошта маркасы

Пенициллиннің тапқырлануы бізге «Орай дайындығы бар адамды жақсы көреді» деген тәмсілдің шындығын тағы бір рет дәлелдеп берді. Өйткені, Флеминг байқаған құбылысты сол уақыттан бұрын жапон ғалымы Гуаиуджта байқаған, ол бұл құбылысты елдің бәрі білетін құбылыс, жетілдіру ыдысындағы қоректіктің таусылуы себеп болған деп қана қарайды. Дәл осылайша жапон ғалымының мәселені байқай білмеуі оны өнертабыс ойлап табу орайынан айырады.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikipedia.org

M. Auelkhan