Қазақ өлшемдері

Қазақ өлшемдері

Бүгінгі таңда қазақ өлшемдері көпшілік ортада жиі қолданыла бермейді. Себеп те бар шығар. Алайда, көркем әдебиетті оқып жатып, кейде түсінбей қалып жататын жайымыз бар. Ондағы жазылатын өлшем бірліктері көнерген сияқты болып көрінуі де мүмкін. Шын мәнінде қазақ халқында өлшем бірлікке байланысты айтылатын әдемі сөздер жеткілікті. 

Негізгі тақырыпқа көшейік. Сонымен халық өлшемдерін қазіргі қолданыстағы стандартты өлшемдермен салыстырып көрейік.

Қашықтық және ұзындық өлшемдері: Бір елі – 1-1,5 см; Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі 14-15 см; Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, яғни – 17-18 см; Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық, яғни 20-22 см; Кез – 50 см; Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі  ұзындық, яғни 75 см; Құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының аралығы немесе 1,8-2 м. Үлкен өлшемдер: Адым – жай жүргендегі екі аяқ арасының  алшақтығы 1 м; Таяқ тастам жер – тым жақын жер, яғни 10-15 м; Дауыс жететін жер – 250-300 м; Шақырым – 1шақырым; иек астында – 4-5 шақырым; Қозыкөш жер – 5-6 шақырым; Көз ұшында – 6-7 шақырым; Тайшаптырым – 4-5 шақырым; Құнаншаптырым – 8-10 шақырым; Бір көш жер – 10-15 шақырым; Атшаптырым – 25-30 шақырым; Өте алыс жерлер – жер аяғы қиянда, жер түбі, жер мойны қашық, қиыр, ит өлген жер, ит арқасы қиянда.

Салмақ өлшемдері: 1 мысқал - 0,4 гр; 1 қадақ – 750 гр; 1 келі – 1 кг; 1 пұт – 16 кг; 1 батпан – 100 кг; 1 торсық – 6-7 литр; Бір саба – 10-15 литр.

Сурет: baq.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті