Қаза тапқан әйелге хат

Қаза тапқан әйелге хат
Фото: changellenge.com

1945 жылдың маусымында аты мәшһүр америкалық физик Ричард Фейнманның некелі жары Арлин Фейнман туберкулезден көз жұмады. Бар-жоғы 25 жасында. 

Ричард Фейнман Арлинге 13 жасынан ғашық болады. 19 жаста некелері қиылып, бірақ, той күндерінде-ақ Арлин қатты сырқаттанып жүреді. Фейнман бар жағдайын жасауға тырысқанымен, некелі жары көз алдында, өз қолында жан тапсырады. Ғалымды сүйіктісінің қазасы қатты мазалап, ауыр мұңның астында қалдырып кетсе керек. 

1946 жылдың қазанында, арада 16 ай өткенде, Фейнман әйеліне арнап хат жазады, бірақ ол хат 43 жылдан соң ғалымның қазасынан кейін, сарғайған конверт ішінен табылған. Әлгі хат көп уақыт қалтада көп бүктеліп, көп ұсталғандықтан, көнеріп кетіпті. 

"Қымбатты Арлин,

Мен сені қатты қастерлеймін, жаным.

Саған мұны естудің қаншалықты ұнайтынын білемін, бірақ, мұны сені қуанту үшін ғана жазып отырғаным жоқ. Жазып отырған себебім, бұдан менің күллі жан сарайым жылуға бөленеді екен. Саған хат жазбағаныма көп уақыттың жүзі болыпты – шамамен екі жылдай. Дегенмен, мен секілді бірбеткей прагматикті кешіретініңді де білемін. Саған жазудың еш мағынасыз екенін де ойланып алдым. 

Енді мен, менің қымбатты жарым, бұрындары көп кейінге қалдырып келген, бұрындары солай болған бір нәрсені жасауым тиіс. Мен сені сүйе бергім келеді. Сүйіп әрдайым қала бергім келеді.

Сені сүю дегенді ақылмен түсіндіру қиын, әрине, бірақ көз жұмған күніңнен бастап мен сені қорғаштап, әлі күнге дейін қамқорлық жасағым келіп тұрады. Сен мені сүйіп, қол астындағы қамқорлыққа алғаныңды қалаймын. Сенімен бірге өз қиындықтарымды бөлісіп, сенімен бірге ортақ істермен шұғылданғым келеді. Дәл қазіргі уақытқа дейін бұл ойлар менің басыма кірмепті. Ал біз болсақ бірге көп нәрсені тындыра алар едік: киім тігуді, қытай тілін меңгеруді, кинопроектор сатып алуды. Ал қазір, мұны жасай алармын ба? Жоқ. Сенсіз жападан жалғыз қалыппын. Барлық құйтырқы ойым мен сорақы іс-әрекетімнің басты өлшемі өзің болыпсың...

Білесің бе, сен ауырғанда, мен сенен өзіме керек нәрсені, өзің тарту еткің келген нәрсені ала алмайтынымды ойлап, ойға шомушы едім. Уайымдау қажетсіз еді. Онда тұрған ешқандай мұқтаждық жоқ болатын. Саған үнемі жай ғана бар болғаның үшін сүйетінімді айтушы едім ғой. Дәл қазір де мен соны, сол сөздерімді еш уақытта түсінбегендей түйсіндім. Маған еш нәрсе бере алмассың, ал мен сені еш уақытта өзге әйелді сүйе алмайтындай, сүйе алмайтындай қатты сүйемін. Солай бола беруін және қалаймын. Өйткені, тірі болмаған күннің өзінде, сен сол тірілерден әлдеқайда артықсың. 

Мені ақымақ деп айтарыңды, керісінше, бақытты болуымды, жолыңа тұрмауымды өтінетініңді білемін. Осы екі жыл ішінде менде бір де бір әйел баласы болып көрмепті (сенен басқа, әрине, қымбаттым), сен бұған бәлкім таңғалатын да шығарсың. Мұны және мені еш өзгерте алмайсың және мен де олай жасай алмаймын. Мен еш нәрсені түсінбеймін. Түсінгім де келмейді. Көп қызды жолықтырдым, ішінде сүйкімділері де кезікті, себебі, менің де жалғыз қала бергім келмейтін кездер болатын, бірақ мен бір-екі кездесуден кейін олардың өзім үшін бос орын екенін түсіндім. Мен үшін тек сен барсың. Сен ғана. 

Менің қымбатты әйелім, мен сені қатты қастерлеймін. 

Мен өз әйелімді жақсы көремін. Менің әйелім қаза тапқан. 

Рич

PS: Бұл хатты саған жөнелтпегенім үшін, мені кешіре гөр - мен сенің жаңа мекенжайынды білмеймін".  

Джеймс Глейктің "Гений: Ричард Фейнманның өмір жолы мен ғылымы" кітабынан.

Л. Лига