2013 жылдың ең негізгі 10 ғылыми жаңалығы

2013 жылдың ең негізгі 10 ғылыми жаңалығы

2013 жыл ғылым үшін жаңа ашылулар мен жаңалықтарға толы жыл болды. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында бұл жағдай сізді таң қалдырмауы мүмкін. Бірақ жаңалыққа құмар жанымыз селқос қарап, сырт қалмасы анық. Назарларыңызға ағымдағы жылдың ең маңызды 10 ғылыми жаңалығын ұсынамыз.

1. «Вояджер-1» ғарыштық аппараты Күн жүйесінен шығып кетті.


Күн жүйесінің айналымынан асу - қатардағы жетістіктің бірі емес. Соңғы отыз алты жыл бойында НАСА-ның «Вояджер-1» ғарыштық аппараты Күннен 17 км/с жылдамдықпен алшақтады. Ғалымдар ерте ме, кеш пе «Вояджер-1» Күн жүйесін қаптап тұрған гелиосфераның шегіне жетіп, оның шектік қашықтығын нақтылап береріне сенімді. Дегенмен осы қашықтықты нақты қай кезде басып өтетіні белгісіз. Бірнеше айдағы бақылаулардан кейін НАСА осы жылдың қыркүйек айында адам баласы құрастырған алғашқы нысан - «Вояджер-1» жұлдызаралық кеңістікке шыққанын арнайы мәлімдеді.

2. ДНҚ-ның қысқа полидромды айналымдары (CRISPR) ашылды


Бактериялар бейімделген иммундық жүйенің өзіндік жеке нұсқаларына ие. Дегенмен CRISPR жүйе ретінде иммундық жүйенің ақуызды антигендеріне қарсы бағытталмаған. Сондай-ақ, CRISPR ДНҚ-ның ерсі қалдықтарын РНҚ-ның сәйкес келетін арналарының көмегімен жазады. CRISPR жүйесін басқару оңай. Қаңтар айында ғалымдар тұңғыш рет бұл жүйенің тышқан, егеуқұйрық, данио балығы, бактериялар мен адамдардың жасушасындағы арнаулы гендерді жою, қосу, нығайту немесе керісінше азайту сияқты біршама өзгерістер енгізу қабілетіне ие екенін жариялады. Ғалымдар жаңа құрал-жабдықтар жасақтағанның өзінде қолданудың әмбебап және қарапайым түрін маңызды етіп алады. Жоғары мүмкіндікке ие CRISPR-ді ғалымдар малекулярлық биологияда қуатты өзгерістерге себепші болатынына сенімділік танытып отыр.

3. Құс Жолы - өмір сүруге жарамды ғаламшарларға толы

Қараша айында астрономдар Күнге ұқсас жұлдыздардың 22%-ның айналасында тұрғындары бар ғаламшарлар өмір сүреді деген тұжырымға келді. Алыстағы ғаламшарлардың көлемі біздің Жермен бірдей. Бұл айғақталған дәлелмен біздің галактикамызда екі миллиардтан аса ғаламшарда тіршілік көзі бар деп есептеуге болады. Мүмкін, ол жақта Жердің егізі бар болар? Әзірге белгісіз, дегенмен "Кеплер" телескопының көмегімен осы ақпаратқа қол жеткіздік, тек талдау ғана қалды. Мүмкін, біз екінші Отанымызды тапқан да болармыз.

4. Мидан миға интерфейс


Зерттеуші ғалымдар ақпан айында екі егеуқұйрықтың миының арасында сәтті байланыс орнатқанын хабарлады. Бір егеуқұйрықтың миынан берілген дабыл екіншісінің күрделі тапсырма орындауына көмектесе алады екен. Бір қызығы, егеуқұйрықтар тәжірибе кезінде бір-бірінен мың километр қашықта болған. Бірнеше айдан кейін тура осындай байланыс адам мен егуқұйрық миларының арасында орнатылды. Ал тағы бір ай өткен соң ғалымдар екі адамның миындағы өзара байланыстың сәтті өткенін жеткізді. Ендеше, саналардың бірігу кезеңі алыс емес сияқты...

5. Жердің арғы бетінде өмір бар


Уилланс көлінде өмір бар екен. Кішкентай ғана өзен миллиондаған жыл бойы Антарктиданың Росс мұзды қабатының астында, жүздеген метр тереңдікте тұмшаланып жатты. Сыртқы өмірден тасада қалғандықтан ғалымдардың оның тереңдігін өлшеуге еш мүмкіндігі жоқтай көрінетін. Осы жылы Монтана Университетінен мұзтанушы Джон Приск басшылығындағы зерттеу тобы Уилланс көліне туннель тесу мүмкіндігіне қол жеткізді. Осылай Приск пен оның әріптестері Жердің арғы бетіндегі көлден тірі ағза тапқан тарихтағы тұңғыш адамдар болды.

6. Дәрігерлер ВИЧ-пен ауырған нәрестені емдеп алды


Наурыз айында Медицина саласында таңқаларлық жағдай орын алды. Дәрігерлер ВИЧ-инфекциясына шалдыққан нәрестені сауықтырып алды. Дәрігер Дебора Персо бұл туралы жыл сайын өткізілетін ретровирус және оппортунисті инфекция конференциясында баяндама жасады. 

7. Жуырда табылған бассүйек адам баласының эволлюциялық даму тарихын қысқартпақ


Грузияның Дманиси деген жерінен табылған, 1,8 млн жылдың алдын көрген бассүйек Ноmo тегінің эволюциялық кезеңінің қысқаруына себеп болуы ықтимал. Қазан айында жарияланған баяндамада антрополог Давид Лордкинапидзе басшылығындағы зерттеу тобы тарихта алғаш рет жақсы сақталған гоминидтің бассүйегін тапқаны жайлы айтып өтті. Егер бассүйекті Ноmo (епті адам, тік жүретін адам) түріне жататын басқа бассүйектермен салыстыратын болсақ, еш айырымы жоқ екенін байқаймыз.

8. Неврологтар миды көрінбейтін етіп жасап шықты


Жаңа технология ми қапшығын мүлде көрінбейтін ету мүмкіндігін береді. Бұл нейроанатомия саласында соңғы онжылдықтың ең маңызды жетістігі болып саналды.

9. Марсоход «Curiosity» аппараты бұрын Марста тіршілік болғанын айғақтады


Наурыз айында НАСА ғалымдары Қызыл ғаламшарда өмір болғанын нақты дәлелдейтін дәйектемелі ақпарат таратты. Жыл басындағы марсоходтың Гейл кратеріндегі зерттеуі нәтижесінде сол аймақта бұрын өзен болғанын дәлелдейтін факторлар табылды. Марсоходтың жабдықталған компьютерлерінің көмегімен НАСА ғалымдары алынған нұсқаларға талдау жүргізді. Ақыр аяғында тіршілік белгісі бар күкірт, азот, сутегі, оттегі, фосфор секілді элементтердің қалдықтары көрініс тапты. Бүгінде, марсоход өзінің негізгі ғылыми бағыты Гейл кратерінің орталығында орналасқан бес километр биіктегі Эолида тауына бағыт алуда. Марсоход ол жақта тіршіліктің болғанын дәлелдейтін басқа да айғақтарды қарастырмақшы.

10. Ғалымдар өзге галактикадан нейтрино тапты

Оңтүстік полюстегі «Мұзды куб» обсерваториясының физиктері осы жылы антарктикалық мұздықта 2,5 км тереңдікке жетіп, қатаң материядан үзбей өте алатын 28 нейтрино (субатомды бөлшек) тапты. Бұл бөлшектер біздің Күн жүйесінен, тіпті галактикамыздан тыста пайда болуы ықтимал. Мүмкін, бұл еңбегі үшін ғалымдар Нобель сыйлығын алып қалар.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет:factroom.ru

Ш. Талап