Адам ақшаға сене ме?

Адам ақшаға сене ме?

Әңгіменің басы – ақша. Және оның иесі. Арадағы түсінбестік. Түсінбестік дегенде, не үшін адамдар айлық алған кезде ақшасын бірден жаратпай, ертеңге сақтап қояды. Осы сұрақ қой мазалайтын. Адамдар ақшаны қонып шықсын дейді. Қарап тұрсаң, баланың сандырағы сияқты. Сенбейін десен, елдің бәрі сендіруге тырысатын дүние. Сенуге тағы да болмайды.

Ақша жайлы бастапқы түсініктер ағылшындардан келген. Оларда ерте кезде қасапшының әйелдері ет, жұмырқа, сұйық май сата отырып, ақша жайлы өз сенімдерін қалыптастарған. Сондағысы таңертенгісін бірінші түскен ақшаны сүйіп, кейін түкіріп, теріс қаратып әмиянға салып қоятын болған. Осы әдіс табыс көзін әкеледі деп ойлаған. Қарап тұрсақ, бұл әдістің кішкене мәдениетті түрі қазақта да бар.

Білгендеріңіздей ағылшандардың ақшасы – сүйіспеншілік пен жеккөрушілікке толы. Орыстар (жақында қалыптасқан) ақшаның ұсағын қоржындарында ұстамайтын болса, американдықтарда бірінші тапқан ақша бақыт алып келеді деп сенеді. Немістер болса, тиындарды қалталарына салып жүрмейді екен.

Орыстардың ертедегі саудагерлері көктеммен алғаш келген көкектерге қарап тұрып теңгені сыңғырлататын болған. Көп сыңғырлатқан сайын, көп ақша келеді деп сенген.

Қытайлар тұмар есебінде ұстаған. Қалай дейсіз ғой? Ақшалар түскен сайын, жіпке тізіп, іліп қоятын болған. Жіптің түсі көбіне қызыл түсті болған. Ерекше түс ақшаны көп шақырады деп ойлаған.

Көптеген елдерде жолда кетіп бара жатып ақша тауып алу жақсылыққа саналмайды. Мәселен, кез келген жапон аяқ астынан ақшасы бар әмиян таба қалса, оны бірден милицияға алып барып беретін қағидаттары бар. Табылған ақшаны алар болса, өмірде ең қымбатынан айырылуы мүмкін...

Екі долларлық ақша бұрыннан бері бар болып шықты. 1928 бен 2976 жылдар аралығында айналымда болған. Сол кездегі сенімнің мықты болғаны соншалықты, екі долларлық ақша қолданысқа енуден қалған. Жұрттың бір-екі доллар алғысы келмеген. Және де депозитке де қоймаған. Ақыры белгісіз болып қалған.

Ал Канадада «әзәзілдің басы» үшін адамдар арасында «аңшылық» жүріп жатыр.  Елизаветаның жас кезіндегі суреті салынған ақша басты кәсіп болып тұр. Әлгі ақшаға үңіліп қарар болсаңыз, онда Елизавета ханымның шаш қою үлгісі әзәзілге ұқсайтын көрінеді. Дер кезінде банк қызметкерлері жағдайды ескеріп, айналымға ақшаның басқаша түрін шығарған болатын. Алайда, жас ханымның суреті салынған ақша қолданыста аз болып қалды да, ел арасында осы ақшаны иеленуге деген құлшыныс пайда болды. Қазір кез келген канадалық іздеу жолында...

Суреттер: alternate-politics.info frend.org.ua

Ж. FM