Буйвол vs Арыстан

Буйвол vs Арыстан

Африкалық буйволдар (жабайы сиырлар) «қара құрлықты» мекендейтін ең ірі әрі қауіпті жануарлардың бірінен саналады. Оларға қауіп төндіретін саваннада аң болса, ол тек қана арыстандар. Дегенмен буйволдар әр кез аң патшасының жеміне айналады деп те айта алмаймыз. Оның бір дәлелі Youtube-те Айан Матесон мен оның баласы Оливердің жариялаған ОАР-дағы Крюгер Ұлттық бағында түсірілген видеосы болып отыр.

Видеодағы екі жас арыстан буйволды бас аяғы 45 минуттай ізіне түсіп, аңдиды. Ең соңында арыстандардың бірі оған тарпа бас салып, өлтіргелі жатқанда, әлгі буйволға оның бір туысы көмекке келіп, арыстандарды мүйізімен аспанға бірнеше рет лақтырып, нәтижесінде оны ажал тырнағынан құтқарып қалады. Таспаға түсіруші туристердің сөзінше, бұл айқаста ешбір жануар зардап шекпей тарқасқан екен.

Одан бөлек, буйволдар мен арыстандардың айқасы жөнінде түсірілген мына бір видео да көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: huffingtonpost.com

 

Б. Қосмағамбет