Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Түс көру - миға жаттығу...

Түс көру - миға жаттығу...

Түс көру - миға жаттығу...

Біздің түні бойы көріп шыққан түсіміз қиялға бай, ешбір сезімге бергісіз болып көрінеді. Осы турасында ғалымдардың өзі де түстің психологиялық мақсаттағы маңызын баса айтып жүр. Олар айтқан түс жайлы сөздердің әрқайсысында жан бар екен. Себебі, батырлар жырынан бастап, бергісі әдебиетке дейінгі аралықта түс туралы жеке тараулар да, тіпті, бүкіл шығарманың шешімін түске алып келіп тіреп қоятын сәттер де кездеседі. Мәселен, бір ғана «Абай жолындағы» Абайдың түсінде Тоғжанмен кездескені, онысы шын мәнінде Әйгерім болып шыққаны, киіз үйде жатқан жерінен атып тұрғаны түстің адам өміріндегі жетекші рөл атқаратынын көрсетпейді ме?! Ол аз десеңіз, кешегі ел билеген Абылай мен елді сүйреген Махамбеттің өзі де күні бұрын болатын оқиғаларды түстері арқылы біліп те отырған деседі.

Сонымен теорияға оралар болсақ, түс көру күні кеше болған эмоциялық көңіл-күй мен бастан өткерген оқиғаларды адам жадында сақтауға көмектеседі екен. Ол күні бойғы шешімін таппаған мәселелерді талқыға салып, келер таңда оларды шешуге бағыт-бағдар беретін көрінеді. Ал егер түстің негізгі мақсаты осындай болмаса ше?

Өткен айда Nature Reviews Neuroscience журналына Гарвард университетінің психологі, зерттеушісі Аллан Хобсонның адамдағы түстің болу мақсатын физиологиялық тұрғыдан зерттегенді қажет көретіндігі туралы көлемді мақаласы шықты. Онда ол мидағы процесс кезеңдерінде сезім жанданып, эмоциялар мен дауыстарды күні бұрын сезіне алады деген тұжырымды алға тартты.

«Көптеген түстердің аз уақыттың ішінде ұмытылып қалуы секілді дүниелерді сезімнің жандануына жатқызуға болады»- дей келе, Хобсон мырза - «Түсінде адамның немен айналысып тұрғанын денесі сезінбеуі мүмкін, алайда, миы спортпен айналысып тұрғанын біледі. Сол арқылы адамды шынайы өмірге дағдыландырады» - деп сөз сабақтаған.

Хобсон мырзаның зерттеуі бойынша, түс көру – сергектік кезінде дами түсетін, өмірі жұмыс жасап тұратын, сана-сезімнің қатарлас келген хал-ахуалы екен. Бұл енді неврологияның түс турасындағы түсінігін өзгертуі мүмкін.

Бірақ, бұған Нью-Йорк жоғары оқу орнының оқытушысы, невролог, дәрігер Р. Линас мүлде келіспейді. Ол Хобсонның түсінігіне таңғала отырып, бәрін физиология жаққа жатқыза беруге болмайды дейді. «Түс көру- сана-сезімнің қатарлас келген хал-ахуалы емес. Адам ұйқыдан тұрған кезде, түсінде көрген кескіндер мен бедерлерді алдында көріп тұрған дүниелермен байланыстырады. Және де есту мен сезіну нәтижесінде адамның көрген түсі сезім мүшелерімен байланысады» - деп қарсы пікір айтады.

Сонымен түс туралы зерттеушілеріміз өз пікірлерінде тұрақтап қалды. Шындығы сол, түс көру – адам миын жаттықтырады. Адам баласы күні бойғы көрген, басынан өткерген дүниелерге түс ішінде де шешім тапқысы, баға бергісі келеді. Нәтижесінде өмірдің ақ пен қарасы бір сараланып өтеді.


Сурет: stoletnik.ru

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 11:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.