Білім және ғылым министрі "Интернет-додаға" байланысты тексеру жүргізбек

Білім және ғылым министрі "Интернет-додаға" байланысты тексеру жүргізбек

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов министрлік қолдаған "Интернет-дода" қазақ тілді сайттар байқауына қатысты жағдайды тексеретін жұмысшы тобы құрылғанын айтты, деп хабарлайды Азаттық сайты.

"Мен бұл жағдайдан хабардармын. Жұмысшы тобын құрып, байқауға қатысты барлық жағдайды анықтауға тапсырма бердім. Желтоқсанның біріне дейін жағдайды анықтап, содан кейін ғана ақпарат береміз" деді Астанада брифинг өткізген Сәрінжіпов.

Естеріңізге сала кетейік, біз "Интернет-дода" байқауын қайта өткізуді сұрап, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке ашық хат жазған болатынбыз.

Марапатты қайтарып беру үшін Астана қаласына барғанымызда "Интернет-дода" байқауының ұйымдастырушысы, "Современный город" мемлекеттік емес ұйымының төрағасы Виктор Рогановқа хабарласқан едік. Алайда ол кісі бізге қазір Астанада еместігін, бірақ жақын арада Алматыға келетінін айтып, сол сапарында бізбен жолығуға уәдесін берді.


Сурет: primeminister.kz
М. Оңғарова