Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / ҚР Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлына Ашық хат

ҚР Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлына Ашық хат

ҚР Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлына Ашық хат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлына 

Ашық хат

Құрметті Аслан Бәкенұлы!

2013 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Сіз басқаратын министрліктің қамқорлығымен қазақ тілін насихаттау мақсатында қазақтілді сайттар арасында «Интернет-Дода» сайысы өткен болатын. 

Жастар ісі комитеті аталған байқауды өткізуді «Современный город» атты жастар ұйымына тапсырған. Басшысы – Виктор Роганов есімді азамат. 

Алайда конкурс өз деңгейінде өткен жоқ. Бізге алдын ала хабарлағандай, жеңімпаздарды анықтауға әділ қазылар құрамына Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, танымал филолог мамандар, жастар ұйымының өкілдері кіреді делінген еді. Дегенмен, жеңімпаздарды марапаттау кешінде жоғарыдағы әділ қазылардың бірде-біреуі бой көрсеткен жоқ. 

Байқауды ұйымдастырушылар өз міндеттерін, сондай-ақ «Интернет-Дода» байқауын өткізу жөніндегі ақпараттарды БАҚ-та өз деңгейінде жариялаған жоқ. Ал байқауға арнайы ашылған сайтта бұл сайыстың мақсаты мен міндеттері жөнінде ешқандай толық ақпарат та келтірілмеген. Сондықтан аталған ұйым тендер шарттарын орындамады деп толық айта аламыз. Үздік деп танылған және номинациялар бойынша жүлделі орын алған сайттардың көпшілігі байқаудың өтетіндігі жөнінде хабарсыз болып шықты. Сол себепті де оған қатысу жөнінде өтініш берілмеген.

Ең сорақысы – номинация иегерлерінің дипломдарында "Қазақстан Республикасының" деген сөзден әрі қарай ештеңе жазылмаған. Одан бөлек, тапсырылған құжатта тіпті шараны ұйымдастырушының мөрі мен қолы да жоқ болып шықты. Бұл мемлекеттік тілде контент жасап және өз еңбектерімен қазақ тілінің дамуына атсалысып жүрген азаматтарға деген құрметсіздік деп білеміз.

Осы болған жәйттарға қарап отырып мемлекеттік тілге қолдау білдіру ісі жөнінде әңгіме қозғаудың өзі артық. Қазақ тіліне деген мұндай көзқарас - оның статусы мен беделін қорлау болып табылады. 

Массагет.кз сайтының редакциясы өзіне табысталған бас жүлде мен алған сыйлығынан бас тартатындығын айтқымыз келеді. Осы байқауға қатысқан бірнеше сайт та шешімімізді қолдап, алған марапаттарын қайтарып беруге дайын.  

Жоғарыда келтірілген мәселелерге байланысты Сізден осы байқауға жауапты тұлғаларға қатысты шара қолдануыңызды, сондай-ақ байқау қорытындысын жарамсыз деп тауып, оны құжатта көрсетілген деңгейде қазақтілді интернет ресурстарының жұмысын әділ бағалай алатын адамдарды қазылар құрамына тарта отырып, қайта өткізуіңізді сұраймыз. 

Біз қазақтілді ресурстар арасындағы байқаудың шындығында қазақ тілін насихаттап және де қазақтілді интернеттің дамуына септігін тигізгенін қалаймыз. 

Құрметпен, Массагет.кз

Сурет: mln.kz

21
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 23 қараша 2013, 12:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.