Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Кештеріңіз әзілмен, күндеріңіз сәнмен өрнектелсін

Кештеріңіз әзілмен, күндеріңіз сәнмен өрнектелсін

Кештеріңіз әзілмен, күндеріңіз сәнмен өрнектелсін

Танымал сықақшы Уәлибек Әбдірайымов тізгінін ұстаған «Әзіл кеш» бағдарламасы 22 қарашадан бастап «Ел арнада» жаңа форматта, жаңа жүргізушілермен көрермендерге жол тартпақ. Бұдан былай кешті әзілмен әрлейтіндер – сатирик Бейбіт Сарыбай мен актер Нұрбол Айтулов.

Бағдарлама қазақи қалжыңмен өрнектеліп, "Тамаша", "Шаншар", "Алдараспан", "Күлкі керуені", "Бауыржан шоу" сияқты әзіл-сықақ театрларының қойылымдарын бір сәт еске түсіріп, олардың авторлары мен орындаушыларының өмірі жайлы әсерлі де, қызықты әңгіме өрбиді.

Айта кететіні, жаңа маусымда әзіл-сықақ театрлары әзірлеп әкелген қойылымдар осы «Әзіл кештің» студиясында орындалатын болады. Бағдарлама тек қана әңгімелесу негізінде өрбіп қана қоймай, жүргізуші студия қонағын көпшілікке танытқан кейіпкерімен сұхбаттасып, импровизация жасайды. Сондай-ақ әзілқой майталмандар мәтінді жылдам оқу жүйріктігі, танымал адамдарға пародия жасау, әншілер пародия орындау сияқты сындарға түседі.

«Жалпы, жүзден аса каналды көріп отырған бүгінгі көрерменді күлдіру оңай емес. Қазір талғам өзгерді, талап басқа. Сонымен бірге ресейлік, шетелдік емес, қазақы әзілге шөлдеп отырғанымыз рас. Осы тұрғыдан алғанда біз бәрімізге таныс, аса бір өтімді болған ескі әзілдер мен сиясы кеппеген жаңа қойылымдардың арасындағы тепе-теңдікті ұстағымыз келеді. Ал шақырылған қонағымыздың импровизациялық қасиеті мен ой-қиялының жүйріктін сынау үшін кейіпкер бейнесінде сұхбат беруін, тағы да басқа қызықты тапсырмалар орындауын талап етеміз. Бағдарлама авторлары көрерменнің көңілінен шығудан үмітті», – дейді «Ел арна» телеарнасының бас редакторы Әсия Бағдәулетқызы.

Сонымен қатар, жақында «Хабар» арнасында «Білгенге маржан» атты әлеуметтік-танымдық ток-шоуы тұсауын кескен болатын. «Білгенге маржан» бағдарламасының мақсаты – күнделікті тұрмыста кез-келген жан жиі бетпе-бет келетін сан қилы мәселелердің түйінін тарқату, білікті мамандар мен сарапшылардан, өмірден көрген-білгені, түйгені мол қазыналы кісілерден көкейде жүрген өзекті сауалдарға жауап алу. 

Бұл әлеуметтік ток-шоуда әдет-ғұрып, салт-дәстүр сабақтастығын үзбеу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесі, киім тігу, қаражат жинаудың, жоспарлаудың қағидалары, гүл өсіру т.б. түрлі тақырыптар талқыланады.

Халыққа пайдалы, жастарға оң тәрбие берер бағдарлама жүргізушісі Маржан Сұлтанбаевамен жақында онлайн-конференция өтеді деп жоспарланып отыр екен. Бағдарламаға қатысты сауалдарыңыз, ұсыныстарыңыз және айтар пікірлеріңіз, тың ойларыңыз болса бүгіннен бастап, #БілгенгеМаржан#Хабар #Маржан хэштегтерін пайдалана отырып (хэштегсіз жолданған сұрақтар қабылданбайды, Маржанның жеке парақшасына жолданған сауалдар да саналмайды. Естеріңізге сала кетейік, онлайн-конференцияда Маржан әр сауалға жеке тоқталып, кеңейтілген жауап береді) сауалдарыңызды жолдасаңыздар болады. Сұрақтар бүгіннен бастап, «Хабар» арнасының кез-келген ресми әлеуметтік желілерінде (вконтакте; фейсбукте; туиттерде) қарашаның 18-іне дейін қабылданады. 18 – 19 қараша күндері сіздердің сұрақтарыңызға Маржан онлайн режимінде жауап беретін болады. «Онлайн-конференцияның мақсаты: көрермен мен бағдарлама арасында байланыс орнату, пікір алмасу, сыннан мін түзеу» - дейді ұйымдастырушылар.

Сілтеме

Сурет: el-arna.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 қараша 2013, 13:40
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 14:40

Анара Нұрбол Айтуов па Айтулов па?

+0
18 қараша 2013, 14:51

Кешірім өтінемін, Айтулов екен.

+0
18 қараша 2013, 16:04

Мен де білмейді екем,,,, сахнада есіткенім бар да,,, "Не, Айтулов саған барып кел, шауып кел ма не?" :D

+0
18 қараша 2013, 16:04

Көретін екен, әлі көрмедім

+0
18 қараша 2013, 18:21

«Әзіл кеш» бағдарламасы 22 қарашадан бастап «Ел арнада» жаңа форматта, жаңа жүргізушілермен көрермендерге жол тартпақ.... Әлі ешкім көрмеді. :D

+0
18 қараша 2013, 19:07

Бейбіт Сарыбайдың жаңа қырын көрейік. Қалай болады екен?

+0
19 қараша 2013, 14:41

Нұрболдың бағдарламаға қосылуы бағдарламаны қызықты етер деген ойдамын.

+0
19 қараша 2013, 19:39

Менің де көруім алғаш...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.