Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Элис Мунро әдебиет саласы бойынша Нобель иегері атанды

Элис Мунро әдебиет саласы бойынша Нобель иегері атанды

Элис Мунро әдебиет саласы бойынша Нобель иегері атанды

Жаңа ғана Швеция астанасы Стокгольм қаласында әдебиет саласы бойынша 2013 жылғы Нобель сыйлығы лауреатының есімі жарияланды.

Сонымен, биылғы жүлде Канада елінің жазушы әйелі Элис Мунроға бұйырды. Осылайша ол әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы тағайындалған сонау 1901 жылдан бері осы марапатқа ие болып отырған 13-ші әйел саналып отыр. Сондай-ақ Мунро канадалық жазушылар арасынан топ жарып отырған тұңғыш жазушы да. Бұл туралы Корольдік швед ғылым академиясына сілтеме жасаған Massaget.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, букмекерлер биылғы жылы аталған сыйлыққа басты үміткерлер ретінде жапон жазушысы Харуки Мураками мен американдық Джойс Кэрол Оутсты атаған болатын. Ал соңғы күні, яғни бүгін букмекерлер рейтингін Еуропада өмір сүріп жатқан беларусь жазушысы әрі журналист Светлана Алексиевич бастап тұрды. Мунро бұл тізімде тек 4 орыннан көрінді.  

Мунро шығармаларын ағылшын тілінде жазады. Әдебиет әлемінде канадалық жазушы көбінесе әйел тағдыры жөнінде қысқаша прозалар жазумен танылған екен. Сондай-ақ оның шығармасын көбісі Чеховпен салыстырып келген. Дегенмен, 82 жастағы Мунро биылғы жылдың жазында шығармашылықтан біржола кеткендігін жариялаған.  

Естеріңізге салсақ, өткен жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы галлюцинаторлық реализм бағытында танылған 57 жасар қытайлық жазушы Гуань Моеге (бүркеншік есімі Мо Янь) бұйырған болатын. 

Сонымен Нобель сыйлығының жеңімпаздары 10 желтоқсанда (аталған сыйлықты ойлап табушы Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні) Швеция астанасы Стокгольмде арнайы кеш барысында марапатталады.

Ертең де Нобель апталығы жалғасын табатын болады. Жұма күні Нобель комитеті биылғы жылдың бейбітшілік саласындағы жеңімпазын жариялайды.  

Айта кетейік, биыл 2013 жылғы Нобель сыйлығының жеңімпаздарына берілетін жүлде қоры 8 миллион швед кронасын құрап отыр (1,2 миллион АҚШ доллары).

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ria.ru

1749 5
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 10 қазан 2013, 17:49
Пікірлер
+0
10 қазан 2013, 18:09

Ох, енді бұл кісінің шығармалары мен өмірбаяны жайлы толық мәлімет ала қойсақ қой өз тілімізде!

+0
10 қазан 2013, 18:43

Фараға тапсырыс берейік)

+0
10 қазан 2013, 19:13

узбогойся, "Бейсенбілік әңгімеде" шығады, келесі апта :mrgreen:

+0
10 қазан 2013, 19:15

ок)

+0
19 қазан 2013, 10:40

«Бейсенбiлiк әңгiменiң» бiр де бiрiн қалдырмай оқитын адамдар бар... )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев