Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ит екі миллионға жуық иісті ажырата алады

Ит екі миллионға жуық иісті ажырата алады

Ит екі миллионға жуық иісті ажырата алады

Ит екі миллионға жуық иісті ажырата алады екен. Содан болар, адамзат баласы қай кезде асырағаны белгісіз болса да, үй хайуандары ішінде адамға иттен жақыны жоқ. Солай болды және болып қала береді де. Халқымызда:"Үрерге иті, сығарға биті жоқ", "Малы болмаса да, иті болуға тиісті ғой" деген сөздер бар. Иесіне адалдық танытқаннан болар, ит жеті қазынаның бірі есебінде саналады. Және қазақша саналатын жыл атауына да енген.

Біздің халықта ғана емес, басқа халықтарда ит жеті қазына есебінде саналады. Демек, ит турасындағы адам баласының ойы мен ұғымы бірдей болғаны. Қазақтың арғы-бергі ауыз әдебиетінде ит туралы жағымды сөздер, мақал-мәтелдер жеткілікті. "Бүркіт тамағы үшін, ит иесі үшін алады", "Ит аласы-бөрінің бағы", Ауыл иті ала болса да, бөрі келсе бірігеді", "Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал", "Ауыл итінің құйрығы қайқы", "Жаман иттің атын бөрібасар қояр,"-дейді.

Ит - күзетші, ит - бақташы, ит - қорушы, ит- дыбысшы, ит - жолдас сияқты сөздер бізде көп-ақ. Ит турасында айтылатын әңгімелер мен аңыздар да жеткілікті. Оның қайсыбірін айтып, тауыса аламыз. Бір ғана айта кетер нәрсе, кезіндегі кез келген қазақ өзімен бірге ит ертіп жүретін болған. Малшылар мен бақташылар, күтушілердің, жолаушылардың, керуеншілердің, кезбелер мен жорықшылардың ит туралы әңгімелерін естігенде аузымыздың суы құрып отырып тыңдайтын едік қой. "Итті иесімен қинасын" деген мәтелдің өзі де бұған айғақ бола алады.

Біздің қазақ иті, негізінен, тақырлар тұқымы мен барақы тұқымдастар болып екіге түрге бөлінеді. Және мықты тұқымдар қатарынан саналады. Алайда, қыстың қақаған аяз күндерінде қойды, сиырды қасқыр жеп кететін тұстар болады. Бірақ қазақ қасқырды ешқашан боқтамайды. "Көкжал ғой.. Ашуы келген екен ғой. Бөрі бөрілігін жасаған шығар", - дейді. Ал ит - өмір бойы қазақтың досы. 

Сурет: woman.ru 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 сәуір 2012, 11:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.