Ең қиын есептер

Ең қиын есептер

Бүгін назарларыңызға әлемдегі ең қиын жұмбақ түрлерін ұсынбақпыз. 

Әлемдегі ең қиын судоку


Әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі судоку болып есептеледі. Ол санмен байланысты жапондық жұмбақ. Аталған ойынның принциптері аса қиын емес, сондықтан көптеген әуесқойлар жұмбақтың өз нұсқасын жасап шығаруға тырысып жатады. 2012 жылы фин математигі Арто Инкала да өзінің нұсқасын жасап, оның «ең қиын судоку» екенін мәлімдеген болатын.

Британдық «The Telegraph» газетінің хабарлауынша, егер судокудің кеңінен таралған ең қарапайым нұсқаларын қиындық межелігі бойынша «1» деп белгілеп, қиындарын «5» деп белгілесе, фин математигі ұсынған нұсқа «11»-ге тең келеді-міс.

Ең қиын логикалық есеп 

А, В және С деп аталатын үш құдай бар. Олардың бірі – шындық құдайы, екінші – өтірік құдайы, ал үшіншісі – оқиға құдайы. Олардың қайсысы кім екені белгісіз. Шындық құдайы әрдайым шындықты айтады, өтірік құдайы сәйкесінше, әрқашан өтірік айтады, ал оқиға құдайы еркін түрде шындықты да, өтірікті де айтады екен. Және «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін үш сұрақ қою арқылы құдайлардың қайсысы кім екенін анықтау қажет. Бір ескерте кететіні әр сұрақ тек бір-ақ құдайға қойылады. Құдайлар сұрақты түсінеді, бірақ өз тілдерінде «da» және «ja» деп жауап қайтарады және олардың қайсысы «иә» қайсысы «жоқ» екені де белгісіз.

Америкалық философ әрі логика маманы Джордж Булостың осы бір логикалық есебі алғаш рет 1992 жылы италиялық «la Repubblica» газетінде жарияланған. Есепке берілген пікірге Булос маңызды бір ескертеу айтып өтіпті: әр құдайға бірден артық сұрақ қоюға болады, бірақ ол үшеуден аспауы тиіс.

Әлемдегі ең қиын сум-до-ку


Судокудің ең танымал түрінің бірі сум-до-ку болып табылады. Оны тағы да «жан алғыш судоку» деп те атайды. Басты айырмашылығы, сум-до-куда қосымша сандар берілген – тор топтарының қосындысы және топтағы сандар қайталанбауы керек. Calcudoku.org жұмбақтар сервисінде жарияланған есептердің қиындық рейтингісін көруге болады. Солардың ішінде мына сум-до-ку де бар. 

Ең қиын кальку-доку есебі


Судокудің бұл түрі сум-до-куға ұқсас, бірақ, біріншіден, тордағы сандарды анықтау үшін тек қосуды ғана емес, кез келген арифметикалық операцияны қолдануға болады. Екіншіден, алаң кез келген көлемде болуы мүмкін (тор саны шектелмеген) және үшіншіден, судокуға қарағанда, мұнда міндетті түрде әрбір 3х3 шаршыда 1-ден 9-ға дейін көмек болуы керек. Мұндай есептерді жапондық математика оқытушысы Тетсуя Миямото ойлап тапқан.

Айта кетсек, бұл жұмбақты Calcudoku.org сайтында тек 9,6 пайыз адам ғана шеше алған.

Ең қиын какуро жұмбағы

Какуро – судоку, логика, сөзжұмбақ және негізгі математикалық операциялардан тұратын жұмбақ. Жұмбақтың мақсаты торларды 1-ден 9-ға дейінгі сандармен толтыру. Бірақ әрбір көлденең және тік бағаналарда сандардың қосындысы көрсетілген санмен сәйкес шығуы тиіс және бір бағана ішіндегі сандар қайталанбауы керек. Көлденең орналасқан бағаналар үшін қажетті сома сол жақта жазылса, тік бағаналардың сомасы – жоғарғы жақта.

Көрсетілген үлгі какуроның ең қиын есептерінің бірі.

Го ойынының ең қызықты мәселесі


Го Қытай елінде осыдан 2,5 мың жыл бұрын ойлап табылған әлемдегі ең көне ойындардың бірі. Ойын ережелері қарапайым болғанына қарамастан, ол әлі күнге дейін мыңдаған адамды стратегиялық есептерді шешу мүмкіндігімен қызықтырып келеді. Ойынның мақсаты – барынша үлкен аймақты таспен қоршап алу. Жоғарыда көрсетілген жағдай – го тарихындағы ең қиындардың бірі болып саналады: оның шешімін табу үшін тәжірибелі ойыншылар мыңнан аса сағат уақыт жұмсапты. Осы партияда қаралар қалай жеңіске жетуі мүмкін?

Fill-A-Pix-тің ең қиын жұмбағы


Fill-A-Pix-ті ағылшын математигі Тревор Труран ойлап тапқан. Бұл ойын бәріне белгілі «Сапер» ойынына ұқсайды: ойыншы логикаға негізделе отырып, сурет құралмағанша қай торлардың боялып, қайсысыларының бос қалатынын анықтауы қажет. Бір торға бірден бірнеше басты мән әсер еткендіктен, ақтық суретке жету үшін біршама уақыт қажет. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: trinixy.ru 

Ж. FM