Марста тіршілік бар ма?

Марста тіршілік бар ма?

Әу баста Жерге тіршіліктің көршілес планеталардан келгені анық. Ғылым дамып, заман озған сайын дәлелдеу қиынға соғып келеді. Адасып бара жатқан сияқтымыз. Қазіргі ғылымның бас ауыртқан сұрағы: Марста тіршілік бар ма? Көлік жіберіп те көрді, адам ұшырып та көрді... Еш нәтиже жоқ. Соған қарағанда, шынымен де тіршілік бар секілді. Жасырынып жатқан сияқты...

Марста тіршілік бар ма, жоқ па деген мәселе ғылым саласында толассыз талас-тартыс туғызып келеді. Алайда еш қорытынды шығарылған жоқ. 

Көптеген ғалымдар Марстың сыртқы бетіндегі айғыз-айғыз жолақтарды ең төмен дәрежедегі бактерия немесе вирусқа ұқсайтын микроорганизмдер болуы мүмкін деп есептейді. Тағы бір ғалымдар шоғыры ежелгі дәуірде Марста «организмдердің» өсіп-өркендеу дәуірі өткен болуы мүмкін деген де болжамдарға сүйенеді.

1996 жылы АҚШ-тың әуе ғарыш мекемесі "АLH 8400" нөмірлі жұлдыз тасынан микроорганизмдердің тасқа айналған қалдығының іздерін айқын байқағанын жариялады. Марсты зерттеуші ғалым Левин сол уақыттан бастап қолдап-қуаттауға ие болып, тәжірибе нәтижелерін қоғамға ашық түрде жария ете бастады.

Левиннің көзқарасы АҚШ әуе ғарыш мекемесі жариялаған материалдармен дәлелденіп, тіршілік іздерінің осы бір қызыл шарда жалғасып келе жатқандығы, Марс ортасы қаншалықты нашар болса да, ондағы тіршіліктің біздің ойлағанымыздан әлдеқайда өміршең екендігі анықталды.

Мысалы, микроорганизмдердің атом қазанын ешқандай жарық сәулесі түспейтін теңіздің терең түбінде де байқауға болады екен. Бұл салада Ұлыбританияның Open университетіндегі профессор Колин Филленгер ерекше зерттеуге кірісті.

Ол ерте кезде Марстың бір уақыттарда тіршіліктің пайда болуына тиімді орта болғанына сенетіндігін білдірді.  Ол тағы да кей тіршілік формалары ең тиімсіз ортада да өмір сүре алатынын, 0 градустан төменгі недәуір суық ортада да кей тіршілік формалары қысқы ұйқыда болатынын дәлелдеді. Ғалымдар: теңіз түбінің үш мың метр тереңінен өзін-өзі қоректендіретін кейбір организмдерді байқағандығын, тау жыныстарының жылуы ол арадағы бірден-бір жылу қайнар көзі екендігін... Бұл организмдердің 113 градустағы жоғары температурада тіршілік ете алатындығын... Оларды тіпті қышқыл ағындардарда да кездестіруге болатындығын, бұл организмдер тек бензол мен гексанон сияқты улы заттардың ішінде ғана емес, тіпті тереңдегі он бір мың метр келетін мариана теңізінің шыңырауының түбінде де жасай беретіндігі дәлелденді. Мұндай организмдер Марс топырағының 10 метр тереңінде де жасауы мүмкін... 

сурет:slon.ru

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига