Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Өз өміріңді қалай ұзартуға болады?

Өз өміріңді қалай ұзартуға болады?

Өз өміріңді қалай ұзартуға болады?

Қартаймайтын қарттар бар. Таңқалмасқа болмайды. Олар бір бөлек, отызында отырса опақ, тұрса сопақ болып жүрген жандар бір бөлек қалады. Сөйтсек, қартаймаудың өзіндік себептері бар екен. Алыс жұрттан болса да, ауыз толтырып айтуға болатын тақырыптардың бірі болған қарттық жайлы, қарттықты баяулатудың жолдары туралы кеңестерді ұсына кеткіміз келеді. Британ зерттеушілерінің сынағынан соң дүниеге келген сын талқы...

Барлығымыз қартаямыз. Сіз бұл туралы ойлайсыз ба, ойламайсыз ба, қарттық есікті соқпастан кіріп кетеді!

Көпшілік бұл турасында тіптен бас қатырмайды - өз еріктері. Бірақ егер қартаюды баяулатудың қарапайым әдістері болса ше? Ермеу ақымақтық, әрине, келісіңіз? Сізге кедергі болуы мүмкін бір-ақ нәрсе бар – еріншектік. 

Әңгімеміздің түп төркіні ғұмыр жасымызды ұзартудың ғажап әдіс-тәсілдері турасында болмайтынын ұққан боларсыз. Қазіргі уақытта биологиялық сын тезінде адам өмірі 90-100 жасты құрайды. Қаншасын сүруді өзіңізге қалдырамыз. Британдық зерттеушілердің статистикасы не дейді екен?..

Өмірді ұзартуға көлденең тұратын жағдаяттар:

Көлік жүретін кең тас жолының қасында өмір сүру - 2,5 жыл.

Үнемі шылым тартып тұру - 10 жыл. 

Ұзаққа созылған ішкілік - 10 жыл.

Білімнің жоқтығы - 9,3 жыл. 

Семіру- 9 жыл.

Артық салмақ (семірусіз) - 3 жыл. 

Ауыр стресс (жақын адамнан айырылу) - 1 жыл. 

* * *

Өмірді ұзартатын жағдаяттар:

Сәтті неке құру + 5 жыл.

Үй жануарының болуы + 4жыл. 

Толыққанды ұйқы + 5 жыл.  

Сезім ынтықтығы + 7 жыл.

Жоғары таулы өлкеде өмір сүру + 12 жыл.  

Дүниеге сеніммен қарау + 7,5 жыл. 

Келтірілген сандарға тіреліп қалудың қажеті жоқ. Мәні орташаландырылған. Бірақ шылым шегетін жанның ұзақ өмір сүруге көп мүмкіндігі жоқтығы онсыз да белгілі ғой...

Қартаю процесімен бірге ағзада қартайған ағзаның өміршеңдігін сақтап қалуға бағытталған антистарения процесі жүріп жатады. Механизмнің өзін-өзін реттеуі мығым тұста, қарттық екі мысалда келуі мүмкін –физиологиялық (табиғи) немесе патологиялық (шапшаңдықпен). 

Физиологиялық (табиғи) қартаю белсенді өмір сүрудің алғышарты болып табылса, шапшаң қартаю сол уақытта патологиялық жағдайға, аурулардың дамуына жол ашады. 

Көп жағдайда адамның қартаюы шапшаң (мерзімнен бұрын) түрге жатады. Бұл дегеніміз, адам өз жасының қарттық өлшемінен асып кетеді деген сөз. Мерзімнен тыс қартаюдың характерлік белгісі физиологиялық қартаюдан (ағзаның бейімделу мүмкіндігінің шектелуі) едәуір ауыр-азапты келеді. Шапшаң қартаю барысында ағзаның өзгерісінде әркелкілік байқалады...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: voxpopuli.kz

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 01 қазан 2013, 20:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.