"Ғалымдар жалбарына ма?" Эйнштейнге хат

"Ғалымдар жалбарына ма?" Эйнштейнге хат

Кейде балалардың бір ғана сұрағы комплексті мәдениет пен ғылыми құбылыстағы ең маңыздыны алға тартып, артынша ұзақ уақыт ғалым мен данышпанды ойлантып тастап жатады. "Ғалымдар жалбарына ма?" деген сұрақтың ауырлығы мен біржақты еместігі Нью-Йорктің кішкентай бір қызының 1936 жылы Альберт Эйнштейнге хат жолдауына еш бөгет бола алмаған.

"Құрметті Эйнштейн,

Жексенбі күні мектепте сабақ кезінде бізде мынадай бір сұрақ туындады: "Ғалымдар жалбарына ма?" Оның өзі өзге бір сұрақтан келіп туындаған: ғылымға да, дінге де бір уақытта сене аламыз ба? Қазір біз ғалымдар мен үлкен адамдарға бір ғана мақсатта, олардың біз қойған сұраққа жауап беруін қалағандықтан, хат жолдап жатырмыз. 

Біздер үшін үлкен құрмет болар еді, егер де сіз сұраққа жауап беріп көрсеңіз: ғалымдар жалбарына ма және нақты неге жалбарынады?

Қазір біз мектепте алтыншы жыл оқып жатырмыз, Эллис апайдың сыныбы.

Құрметпен, Филлис".

Арада бес күн өткен соң Энштейн өзінің ықшамды жауабын жазып бітірді, онысы Карл Саган немесе Клавдий Птолемейдің осы бір тақырып төңірегінде ой топшылауларынан келісті көрінер еді.

"Қымбатты Филлис,

Мен сенің сұрағына жай ғана, мүмкіндігім келгенше, жауап беріп көргім келеді. Менің жауабым:

Ғалымдар кез келген жағдай адамдар іс-әрекетін қосқанда, табиғат заңдары арқасында жүзеге асады деп санайды. Сондықтан, ғалымдар жағдайдың арғы жалғасына жалыну, жалбарыну арқылы әсер етуге болатындығына сенбейді, яғни өз арман-тілегінің еріктен тыс, ерекше жылдамдықпен жүзуге асуына.

Соған қарамастан, біз өзіміздегі бір бетті біліміміздің осы бір күште әлі пісіп-жетілмегенін мойындауымыз тиіс, демек, ақыр аяғында, тіршіліктің соңына, рухтың бірлігіне сенушілік сенімде жатыр. Және бұл сенушілік әлі күнге кең етек жайған, замандық ғылымның жетістігіне қарамастан.

Бірақ, сонымен бірге, ғылыми ізденіске шындап кіріскен әрбір кісі беймәлім бір рухтың адами рухтан әлдеқайда мықты екенін, табиғат заңына әмір ететініне түпкі сенімі пайда болады. Бұл дегеніміз, ғылыммен айналысу діни сезім-сезінушіліктің ерекше бір түріне, кез келгенінен айрықшаланып тұратын, аңғал түріне алып келеді. 

Жүрек ілтипатымен, сіздің А. Эйнштейніңіз".

Аударған: Фараби Арыстанбек

сурет:theoryandpractice.ru

Л. Лига