Халықаралық емтиханға дайындалуға арналған 9 қосымша

Халықаралық емтиханға дайындалуға арналған 9 қосымша

Халықаралық емтихан тапсыру қарсаңында әрбір минут есепке алынады. Және бұған смартфонға арналған қосымшалар өзінің көмегін тигізе алады: жақсы оқытушыны алмастыра алмағанымен, қалт еткенде лексиканы жақсартып, миды тесттің белгілі тапсырмаларына жаттықтырып алуға болады. Сонымен, назарларыңызға ең тиімді нұсқаларды ұсынамыз.

IELTSFCE және CAE емтихандарына дайындалуға арналған Cambridge Apps сериясы

Құны: әр қосымшаға 2,99$

Қосымша сериясын Кембридж емтиханын дайындайтын адамдар жасап шыққан. Қосымшалар шынымен де тестті ойдағыдай тапсыруға септігін тигізеді. Әрбір тест шамамен 30 сұрақтан тұрады. Тест соңында өзіңнің әлсіз және күшті жақтарыңды түсінуге көмектесетін фидбэк ұсынылады.

GMAT Test bank, Allen Resources Inc. 

Құны: жүктеу тегін, бірақ кіріктірілген сатып алулардың бәрі шамамен 150 теңгеден.

GMAT-ты тапсыруға дайындалу үшін ыңғайлы қосымша. Мұнда сұрақтарды категория бойынша сараптауға, қиындарын өткізіп жіберуге және кейінірек оларды қайта қарауға, дұрыс жауаптарға берілген түсіндірмелерді көруге және қосымшаның статистикасы арқылы өзіңнің прогрессіңді бақылап отыруға болады. Дайындыққа арналған сұрақтардан бөлек қосымша тестте уақытты қалай жұмсау керек, қандай стратегиялар қолданған жөн деген секілді кеңестер береді. Қосымша емтихан секілді адаптивті принцип бойынша құрастырылған: әрдайым толықтырылып отыратын сұрақтар қорынан компьютердің өзі тапсырма таңдайды.

TOEFL iBT Preparation 

Құны: тегін

Бұл биология, археология, тарих, өнер және гуманитарлық ғылымдар (TOEFL емтиханында жиі кездесетін тақырыптар) секілді тақырыптар бойынша сөздік қорды байытуға септігін тигізетін бағдарлама. Қосымша, сонымен қатар, кез келген сөзді «жақсы таныс», «таныс» және «таныс емес» деген үш категорияға бөлуге мүмкіндік береді. Кез келген сөздің мағынасын түсіндіретін сөздіктен бөлек, қосымшада жаттаған сөздер бойынша тесттен өтуге болады. Аталған тест TOEFL тапсырмаларының принципі бойынша құрылған: берілген сөздердің ішінен ең лайықтысын таңдау қажет.

Watermelonexpress

Құны: 25 $

Watermelonexpress – бұл LSAT, MCAT, GRE, GMAT және SAT емтихандарына дайындалуға арналған қосымша. Аталған бағдарламаға берілген ең жақсы пікірлер – «өз бағасына лайық» және «ең жақсы қосымша». SAT емтиханына дайындалуға бағдарламада 800-ден астам сұрақ (олардың әрқайсысына түсіндірме берілген), қорытынды статистикасы бар 7 толық диагностикалық тест, қажетті тақырыптарды қайталауға керекті 500 бет материал және flashcard форматындағы 4000 сөз бар. Тағы бір ерекшелігі, қосымша статистика да құра алады, оның көмегімен өз нәтижеңді басқа қолданушылармен салыстыруға болады. Сонымен қатар, бағдарлама жеке «оқу жоспарын» құруға да мүмкіндік береді. Жоспарды құрғаннан соң ол өзі бақылап, жақында болатын сабақтар жайлы қолданушыға ескертіп тұрады.

Math GMAT GRE ACT — PrepGame 

Құны: жүктеу тегін, кіріктірілген сатып алулар — 10$

Preparation Game – ойын түрінде GMAT, SAT және GRE емтихандарының математикалық бөлімін меңгеруге таптырмас мүмкіндік. Осы бір емтихандық ойында математикалық тапсырмалар алты салаға бөлінген: бүтін сандар, пайыздар, модульдер, ықтималдылық теориясы, аналитикалық геометрия мен диаграмма. Дұрыс жауап үшін қолданушылар келесі деңгейге өтіп, одан да қиын есептерді шығаруға рұқсат беретін жұлдыз иеленеді. Бағдарламаға миллионнан аса бірегей математикалық есеп енгізілген. Бұл, өз кезегінде, ойынды қайта-қайта өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойында тапсырмаларды орындауға шектеулі уақыт беріледі. Ойынның негізгі режимінен бөлек, қосымшада «жаттығу» (көптеген типтік тапсырмалар) мен «көмек» (есепті шешу жолын көрсетеді) режимдері де бар.

Ace the SAT 

Құны: тегін

Қосымшаның қызмет ету принципі: қолданушыға мүмкіндігінше көп түрлі сұрақ қою, сондықтан бағдарламада 3 миллионнан астам бірегей тапсырма жиналған. Олардың көбінде толық түсіндерме бар. Берілген тапсырмалардың кез келгенін фотоальбомда сақтауға болады (жеке оқытушыңызға немесе достарыңызға көрсеткіңіз келген жағдайда). Балл санау жүйесі емтихан шарттарына ұқсайды. Бұл өз кезегінде өз біліміңді нақты бағалауға көмектеседі.

Vocabulary for GRE, SAT, GMAT, IELTS, TOEFL 

Құны: жүктеу тегін, кіріктірілген сатып алулар - 10$

Аталған қосымшаны 30 минут қолданғаннан соң, ол қолданушының біліміне икемденіп, сөзді жаттау үшін оған автоматты түрде жеке тапсырмалар бере бастайды.

The Phrasal Verb Machine

 

Құны: тегін

«The phrasal verb machine» қосымшасын Cambridge University Press жасап шыққан. Оның басты мақсаты – шетел азаматтарының ағылшын фразалық етістіктерінің әралуандылығына үйренуіне барынша көмектесу. Жасап шығарушылардың айтуынша, сөзді ойсыз жаттау оның есте қалуының кепілі еместігін айтады. Және соған байланысты өздерінің визуалдық жүйесін ұсынуда: әрбір етістікке оның мағынасын білдіретін нақты бір сурет таңдалған.

English Idioms Illustrated

Құны: 4$

Бұл қосымша ағылшын тілінің идиомаларын жаттаудың оңтайлы жолын ұсынады. Ол идиомалардың шығу тарихына тоқталып кетеді. Өз кезегінде, бұл идиомаларды тек жаттап қана қоймай, сонымен қатар, олардың шығу тарихын есте сақтауға септігін тигізеді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: 1o-bitrix.ru

Ж. FM