Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

GMAT деген не?

GMAT деген не?

Graduate Management Admission Test  - ағылшын тіліндегі жалпы білім беретін стандартталған тест. Ол бизнес мектептеріне және экономика, бизнес, қаржы, менеджмент салалары бойынша магистрлік бағдарламаларға оқуға түсуге қажет. Соған байланысты осы сынақтан жақсы өтуге септігін тигізетін керекті ақпарат пен кеңестерді назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

GMAT деген не?

Тест тұңғыш рет Graduate Management Admission Council ұйымымен 1953 жылы жасалған. Бүгінгі таңда ол 5000-нан аса бизнес-мектептер мен университеттерде қолданылады. Емтихан компьютер арқылы тапсырылады. Емтиханның бір ерекшелігі, егер талапкер сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сұрақтар деңгейі одан әрі қиындай түседі, ал қате жауап берген жағдайда сұрақтар деңгейі төмендейді. Емтихан нәтижелері 5 жыл көлемінде жарамды.

Қалай тапсыру керек?

GMAT төрт бөлімнен тұрады: Verbal, Quantitative, Analytical Writing Assessment және Integrated Reasoning. Емтихан жалпы 3,5 сағатқа созылады, әрбір бөлімнен соң шағын үзіліс беріліп отырады.

Analytical Writing Assessment бөлімінде шағын шығарма жазу қажет – оған 30 минут беріледі. Берілген дәлелді талдап, оның негізділігін бағалап шығу қажет және де өз ойыңды жаза кету керек. Тесттің бұл бөлімі критикалық ойлау мен ойыңды жазбаша жеткізе білу қабілетін көрсетеді.

Integrated Reasoning бөлімі тестке жақында ғана қосылған, дәлірек айтар болсақ, 2012 жылы. Ол 12 есептен тұрады және 30 минутқа арналған. Аталған бөлім болашақ студенттердің диаграмма, мәтін және кесте форматында ұсынылған ақпаратты талдай алу қабілетін тексереді. Quantitative бөлімінің мақсаты – талапкердің математикалық есептерді шығара білуін тексеру. Бөлім 37 сұрақтан тұрады, олардың әрқайсысына 5 жауап нұсқасынан берілген. Сұрақтар екі түрге бөлінеді – есептерді шығару мен «ақпараттың жеткілікті екенін анықтау» (Data Sufficiency). Екінші нұсқада әрбір сұрақ бастапқы дерекпен және қосымша ақпараты бар екі мақұлдаудан тұрады. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін қажетті ақпараттың біріншіде, екіншіде немесе екі мақұлдауда да дұрыс-бұрыстығын анықтау керек. Осы бөлімнің тапсырмаларын орындап шығуға 75 минут беріледі.

Verbal да 75 минутқа жалғасады және үш бөлімнен тұрады: оқу, сынап дәлелдеу және сөйлемдерді түзеу. Алғашында жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдарға, маркетингке, экономикаға бағытталған бірнеше мәтін оқып шығу қажет (шамамен 350-ден). Оқып шыққаннан соң бірқатар сұраққа жауап беру қажет. Тақырыпты терең білу маңызды емес: тапсырма ақпаратты талдау мен түсіну қабілетін бағалайды.

«Сынап дәлелдеу» (Critical Reasoning) бөлімшесінің сұрақтары талапкердің дәлелдеуге, жоспарлауға, критикалық бағалауға қабілеттілігін тексереді. Мұнда қандай да бір жоспардың немесе дәлелдің тиімділігін бағалау қажет. Сөйлемдерді түзеуге байланысты сұрақтар 5 нұсқаның ішінен идеяны не болмаса сөйлемнің логикалық байланысын ең жақсы айқындап тұрған ең жақсы нұсқаны таңдауды ұсынады. Жауаптарда дұрыс емес тіркестерді түзету қажет.

Бағалау жүйесі

GMAT-тың әр бөлімі бөлек есептеледі – нәтижесінде әрбір талапкер 200-ден 800-ге дейінгі аралықтағы ұпайды иелене алады. Verbal және Quantative бөлімдерінің тапсырмалары 0-ден 60-қа дейінгі межелік бойынша бағаланады, эссені екі маман тексереді. Соңғы баллға «процентиль» қосылады – емтиханды тапсырған талапкерден төмен баға алған үміткерлердің пайызы. Integrated Reasoning бөлімі бойынша алынған баға жалпы бағаға енбейді және оқу орындарының көбінде талап етілмейді.

Керекті ресурстар мен оқу құралдары:

Official Guide GMAT Review

Manhattan GMAT Set Strategy

Kaplan

My GMAT Preparation

Официальный вебсайт GMAT

Кеңестер

GMAT-ты сәтті тапсыру үшін бастысы тапсырманың құрылымдық талдауына  логика мен тапсырманы шешуге берілген ақпаратты толықтай дерлік тиімді қолдана білу қажет. Ол үшін тестті жасаған адамның логикасын түсіну қажет. Және бірнеше ай бойы дайындыққа аптасына кемінде 5 сағат уақыт бөліп, минимум 20 толық тест жасап шыққан дұрыс – бұл сұрақтарға жауап беру жылдамдығын арттырып, қате санын азайтуға септігін тигізеді. Емтиханның жазбаша бөлімінде тест тапсырушыға журналдан, бизнес-есептемеден алынған қанатты сөз беріледі. Оны сыни көзқараспен талдап шығу керек болады. Орташа есеппен алғанда үміткер 400 сөз жазуы қажет. Емтиханның осы бөлімінде дәлелдей білу қабілеті, ақпаратты талдай алу қабілеті тексеріледі. Егер үміткердің шығармасы құрылымдылық жағынан жақсы болса жұмысты тексеру кезінде грамматикалық, логикалық және орфографиялық қателер кешірілуі мүмкін.

Ал GMAT-тың математикалық есептерге арналған бөлімі аса қиын емес. Егер талапкердің математика деңгейі тоғызыншы сынып оқушысымен бірдей болса, емтиханның осы бөлімінен жақсы балл жинауға айтарлықтай мүмкіндік бар. Бастысы дайындық кезінде ықтималдылық теориясына, комбинаторикаға, статистикаға жете көңіл бөлген абзал. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: theoryandpractice.ru

1099 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 29 тамыз 2013, 13:38
Пікірлер
+0
29 тамыз 2013, 13:42

GMAT дегеніміз ол идеологиялық тұрғыдан алып қарағанда... деп қуалап кетсең иә, :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
29 тамыз 2013, 14:58

пайдалы дерек, көп адамға керек, жарайсың)

+0
29 тамыз 2013, 15:14

Рахмет, керек ақпараттар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...