Құны 100 миллион доллар тұратын картиналар жанып кетті

Құны 100 миллион доллар тұратын картиналар жанып кетті

Роттердамдағы мұражайдан картиналарды ұрлады деп айыпталған күдіктінің анасы өз баласының қолды қылған жалпы құны 100 миллион еуро тұратын картиналарын өртеп жібергенін мойындады. Бұл туралы румындық Mediafax жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасаған Agence France-Presse хабарлады. 

Әйелдің сөзінше, ол мұндай қадамға айғақтардан құтылу үшін барған көрінеді. "2013 жылдың қаңтар айында балам күдікті ретінде ұсталған кезде, қатты қорықтым",-дейді ол. - Сондықтан мен картиналарды аяқ-киімдермен және басқа да заттармен қосып, пешке салып өртеп жіберген едім".

Полиция қызметкерлері де әйелдің айтқан сөздерінің шындыққа жанасатындығын айтып отыр. Себебі олар үй ішіне тінту жүргізгенде пештің ішінен өте көп мөлшерде күл тапқан екен. 

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың қазан айында Роттедамдағы Kunsthal мұражайынан Пикассо, Матисс, Моне және Гоген сияқты атақты суретшілердің жеті бірдей картинасы қолды болған еді (олардың ешқайсысы да әлі күнге дейін табылған жоқ).  

Кейін полиция "ғасыр тонаушылары" деп аталған күдіктілерді ұстап алған болатын. Олардың көбі Румыния елінің азаматтары болып шықты. Енді олардың үстінен болатын сот отырысы тамыз айында басталады деп күтілуде.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: i-news.kz

Б. Қосмағамбет