Шотландиядан ең ежелгі күнтізбе табылды

Шотландиядан ең ежелгі күнтізбе табылды

Археологтар Шотландиядағы Кратес қамалының маңынан әлемдегі ең ежелгі күнтізбелердің бірін тауып алды. Қазіргі кезде одан тек кішкене қалдықтары, яғни шұңқырлар ғана қалған екен. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.

Ғалымдардың сөзінше әр айды анықтайтын және Ай фазалары белгіленген барлығы 12 шұңқыр табылған көрінеді. Олардың көбі қыс мезгіліндегі күннің шығу нүктелеріне негізделген болып шықты. Зерттеушілердің сөзінше бұл құрылымдардың орташа жасы 10 мың жылдай. Осылайша бұл күнтүзбе осы күнге дейін ең көне болып саналған Месопотамиядан табылған күнтізбеден жасы бойынша бірнеше мың жылдыққа көне болып отыр.

1 

Мұндай ерекше шұңқырлар ең бірінші 2004 жылы табылған екен. Ғалымдардың жасаған анализі арқасында бұл шұңқырларда кезінде ағаш діңгектердің болғандығы анықталып отыр. Күнтүзбе алғаш рет ежелгі ескерткіштер мен Шотландия тарихы жөніндегі Корольдік комиссия бастамасымен жасалған әуеден аэрофототүсіру кезінде байқалған. Фотоларға тегіс жер бетінде байқала бермейтін ерекше тесіктер түсіп қалған. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет