Кедейдің психологиясы

Кедейдің психологиясы

Төрт қылық һәм төрт ақылсыз адамның бай әрі рухы мықты берік жан бола алмасы анық. Қаржылық жағдайды былай қойғанның өзінде, ішкі жан-дүниенің жетімдігі...

* * * *

1. Үнемі өмірге көңілі толмайтын адам баласы жайлы айтпақпыз

Олардың бұл көңілсіздігін әдет деуден гөрі, ойлау жүйесі, яки ой образы деуге көбірек келіңкірейді. Тағдырға мәз емес жандардың қылығы бұл жақта да, анау жақта да, туған ауылында да қайталанады. Жалақы алатын жұмыстарына да көңілдері толмайды - (олардың бұларға да).

Олар ақымақтықпен ойлана келе тұрмыстағы бар кедейліктерін, іздерінен қалмай келе жатқан қаржылық тапшылықты "нашар заңды ойлап табушы" адамдардың кінәсіне жатқызады. 

Ең үлкен қателіктері осы. Бір жағынан, өз бойыңнан мін табудың орнына, сырттан кінәліні іздеу әлдеқайда жеңілірек соғары анық еді. Ішкі болмысқа үңіле отырып, орын алған жайт пен орын алар жайттың бәрі өз қолыңызда екенін түсінген дұрыс. Ренішке мысал көптеп табыла береді демекпіз және өз-өзіңізді "құрбан" санаудан еш нәрсе өзгермек емес.  

Азап пен шағым айтуды доғарыңыз - мансаппен айналысыңыз да, жеке өміріңіздің қожайыны атаныңыз. 

2. Әрекетсіздік - кедейді байдан айырмалап тұратын екінші "әдет"

Өзіңіз байқағандай, барлығына ұрсумен жүретін, реніш-өкпесі бітпейтін жандар әдетте енжар әрі өз өмірлеріне келгенде жігерсіздер.

Олар мемлекетті қалай басқаруды, қай министрді қоюды, қайтіп жол салуға болатынын, адамдарды қалай емдеуге және қаржылық дағдарысты қалай тоқтатуға болатынын "жақсы біліп жатады". Алайда, осы білікті өз өмірлеріне қолданып көрулері сирек. Шылым шегетін орында немесе қылтимада тұрып алып өзінікін емес, өзгенің проблемасын айтумен шектелмек.

Бай кісілердің негізгі өмір сүру ұстанымдары былайша ұрандалады: бүгін белсенді және пысықтық танытсаң - ертең бай боласың. Ал жалқауларлың ұраны - бүгіннен қалмайтын нәрсені ертеңге қалдыру. Жалқаулық пен жалқау адамның сирек те болса мақтампаз қасиеттері көрініп жатады. Ал егер жалқаулық шешенің рөліне енсе, онда оның балалары аштық пен қарақшылық болмақ. Көріп жүргендей, жалқау адамдардың тұрмысы. 

Дүние байлық қалайша жиыла салмақ? Өмір дегеннің өзі ертегі емес, пеш түбінде жылы төсекте жатып алып, бәр нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес-ті. Оның үстіне ертегідегі бас кейіпкерлердің ақылды ойы, тапқырлығы, адамшылығы ере жүреді.  

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандардан бір қорытынды шығарар болсақ, енжар тұрмыстан кедейлік пен тиесілі аштық еншіге қалмақ. Әрине, байғұс еріншекке газет бетін ашып, бос жұмыс орындарын іздегеннен гөрі, диванда жантайып алып, сыра ұрттаған жақсырақ емес пе?! Ой басқа, ойлау басқа: төмен жалақылы болса да, тұрақты жұмыс көзі бар менде. Басқа нені өзгертіп әлектенейін? Осының өзі жетіп жатыр".

Жалқаулар неге екені белгісіз, сыртқы ортаны өздерінде қарыздар санайды, біреу-міреу келіп жақсы жұмыс ұсынуы керек сияқты оларға. Сосын, төленетін жалақы да өз теориялары бойынша (білім деңгейлері сәйкес келмегендігіне қарамастан), жоғары әрі бәріне жететін болуы қажет. 

Түйсік алдап соғады, өйткені, бұл өмірдің міндеті қаталырақ - әркім өзі үшін. Егер өзіңіз барып ұсынылған қаржыға жұмысқа тұрсаңыз, онда ертеңгі күні бар кінәні бастыққа артудың қажеті шамалы. 

3. Кедейлердің өз үнемдеу психологиясы 

Бай адамдарға ақша жетпей жатса, онда олар артық ақша табуға тырысады, ал кедейлер - аз жұмсауға.  Өйткені, жанға жақынырағы - үнемдеу. Және ағат кеткен ойлау жүйесінің тағы бір түрі осы.

Кірісті көбейтуге бай тырысса, кедей байғұс қалай үнемдеуге болатынын қарастырумен ой кешеді. Ана жақта бай бар күшін кірісті көбейтуге, артық пайда табуға жұмсаса, мына жақта кедей байғұс бар күш-қажырын үнемдеуге жұмсап, әр дүкенгі бір кіріп шығып, бағасын салыстырып, арзанын алуға ұмтылады.

Анықтамалар жасату арқылы шығынды азайтуға тырысып, үнемдеген қаржысы бір дүкеннің май-тұзынан артылмай жатқанша, одан гөрі осы бір бар күшті екінші жұмысты табуға (ұсыныс) жұмсауға әбден болар.

Бір түйін: бай адамдардың бар күші жұмыс тартуда кетсе, кедейлердікі үнемдеуге сарқылмақ.

4. Кедейліктің ішіндегі іштарлық 

Сараңдық туралы бір мәтел болсын оқыған шығарсыз. Кедейлер баяғыдағыдай үлкен әріппен жазылған «Распродажа» немесе «Скидка» деген сөздерге жиыла кетеді. Үнемдеудің осы бір түрін керемет данышпандыққа балаудың қажеті жоқ. Маңдайыңызға сызық болып түсетін кіріс пен шығыстың көрсеткіші есепті орын алып, аталған проблеманы шешуде дұрыс жолды таңдамағаныңыз аңғарылмақ.

Балалықтан келе жатқан бір қорқыныш - ақшасыз қалу және дәрменсіздік (өзгерте алмау). Ал, бәріміз білетіндей, неден қорқасың, түптің түбінде ертелі-кеш алдына келетіндігі аян. 

"Ақша жоқ" деп айтуда мағына жоқ, одан гөрі қиындықты өз қолыңыздан тудырмай тұрғанда еркін өмір сүріп, дүниенің рахатын сезінуге ұмтылыңыз. 

сурет:www.liveinternet.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига