Аустралияда 17 келілік питон дүкенді "тонап кетті"

Аустралияда 17 келілік питон дүкенді "тонап кетті"

Аустралияның Квинсленд штатының полициясы тұрғындардың зәресін алған салмағы 17 келі тартатын, ұзындығы 5,7 метр болатын питонды ұстап алды, деп хабарлайды Nine News. Олар питонды Ингам қаласында орналасқан St. Vincent de Paul қайырымдылық дүкенінің қызметкерлері полицияға сауда орнының тоналғандығы жөнінде хабарласқаннан кейін бір күн өткен соң ғана ұстаған. 

Полиция аталған мекен-жайға 8-шілде күні дүйсенбіде келіп жеткен. Келе салысымен олар "тонаушы" дүкенге тесілген төбеден (алдын-ала болжам бойынша питон дүкенге 2011 жылы орын алған дауыл салдарынан зардап шеккен шатырдан кірген) кірген болуы мүмкін деген болжам жасап үлгерді. Одан бөлек полиция тесік шатырдың астынан үлкен қоқыс үйіндісін тапса, ал дүкен ішіндегі тауарлардың түгелдей қопарылып тасталғандығын анықтаған. Одан соң толық тексеріс жасаған полиция қызметкерлері қылмыскерді іздестіруге уәде беріп кетіп қалған. 

1

Алайда бір күн өтпей жатып полиция әлгі дүкеннен тағы да бір шағым қабылдап, сол мекен-жайға жетеді. Полиция келген мезгілде дүкеншілер оларға алып үлкен питонның тығылып жатқандығын айтып, көмектесуін сұрайды. Ал полиция өз кезегінде жылан аулағыштарды шақырып, нәтижесінде питон ауланып, кейін жақын маңдағы батпаққа бостандыққа жіберілген екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mirfactov.com

Б. Қосмағамбет