Көз ішінен жаңа мүше табылды

Көз ішінен жаңа мүше табылды

Зерттеушілер адам көзінен беймәлім болып келген белгісіз қабатты тауып алды. Бар-жоғы 15 микронды құрайтын (1 микрон = 0,0000001 метр) "Дуа қабаты" өте нәзік, бірақ, күрделі түзіліс болып шыққан. 

Табылып отырған жаңа мүше шынайаның (көздің алдынғы бөлігінде тұратын сезімтал мөлдір ұлпалар) артқы бөлігінде орналасқан. Шынайна мен Дуа қабаты адам көзіне түскен жарықты бір жерге жинастырып, бірін-бірі толықтырушы қызмет атқарады екен. 

Жаңа мүшенің атауы Ноттингем Университетінің офтальмология ғылымының профессоры Харминдер Дуаның құрметіне беріліп отыр. Дуаның айтуынша, оның ашқан жаңалығы көз анатомиясы төңірегінде офтальмологиялық білімді ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар, көз шынайнасы зақымданған науқастарға ота жасауда кеңірек мүмкіндік бермек, дейді CyberSecurity.ru. 

Емхана ұғымында шынайнаның артқы бөлігі зақымдануы салдарынан туындайтын көз ауруының көптеген түрлері бар. Бүгінгі таңда белгілі болғандай, мұның бәрі Дуа қабатының қызметінің бұзылуынан болуы мүмкін. Мысалы, көздің осы бір мүшесінің генетикалық жоқтығы дегендей...

Зерттеушілер жаңа қабаттың барын ауа көпіршіктері арқылы анықтаған.

сурет:mail.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига