ХIХ ғасырдағы "Джентельмендер кодексі"

ХIХ ғасырдағы "Джентельмендер кодексі"

"Джентльмен" сөзінің мән-мағынасы жоғары қауым өкілінен бастап тәрбие-құлықтың арнайы ережесін ұстанған мәдениетті, көреген жанның аралығында өзгеріп, дамып келді. Әсіресе, осы бір құбылыстың XIX ғасырда Англияда айрықша мәнге ие болғаны даусыз. Сақалды сәнді қылып, мақалды мәнді қылып, бастарына қалпақ қиюді әдетке айналдырған ерлер бір ауыз сөзді тұрақты ұғымға айналдырып кетті. Сол уақыттың джентельмені сақал-мұртымен, не болмаса қалпағымен емес, "джентельмендер заңы" аталып кеткен қағидамен дараланған. 

Бүгін біз сіздердің назарларыңызға сол уақыттың джентельмендері ұстанған қағидаларды ұсынамыз. Ғасыр қойнауында жатқан әлгі қағидалардың бірі күлкілі болып көрінсе, енді бірі мән-маңызы жоғалмаған қалпымен көрініс табады. 1875 жылы Cecil B. Hartley есімді автор "A Gentleman’s Guide to Etiquette" кітабын жарыққа шығарды.

1. Қарсыласыңыздың сөзі дұрыс болмаған таңның өзінде, әңгімені салқынқанды жүргізіңіз. Жеке басына қатысы жоқ өзекті дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз. Егер сіз қарсыласыңыздың өз адасқан пікірінен таймайтынын біле қойсаңыз, әңгіме ауанын басқа жаққа бұру арқылы артық ашу мен жек көріп кетуден сақтаныңыз. Осы ретте оның жеке тұлғасы сақталып қала бермек. 

2. Саясат турасындағы көзқарасаңыз бір бағытты болар берсін. Бірақ, ол ойларыңызды әр жерге араластырмай, өзгелерді өзіңізбен келісуіне мәжбүрлемеңіз. Басқалардың саясат туралы ойларын тыңдап алып, арты дауға ұласатын пікірлерді еш уақытта ортаға салмаңыз. Қарсыласыңыз сізді нашар саясаткер деп ойлай берсін, бірақ, джентельмен екеніңізге шүбә келтірмесін. 

3. Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлмеңіз. Тіпті, қате айтылған күн датасын дұрыстап жіберу, сіздің тараптан сыйламағандық болар еді (сізден сұрап жатпаса). Сосын, ең жаманы, сөйлеп тұрған адамның ойын қорытып жіберу немесе асықтыру. Таныс әңгіме, таныс оқиға бола тұрсын, соңына дейін тыңдаңыз. 

4. Әңгіме уақытында сағатқа қарап, үсті-басыңызды жөнге келтіру тәрбиесіздікке жатады. Тіпті, шаршап, жалығып отырсаңыз да, көрсетпеуге тырысыңыз. Сыпайы және емен-жарқын болып, үстемшілдіктен азат болыңыз. 

5. Сізден сұрамаған жағдайда, жеке басыңызға қатысты бизнес пен мамандық төңірегінде айтушы болмаңыз. Дұрысы, өз тұлғаңызға көп мән бермеу.
Шынайы интеллектке ие әрі тәрбие көрген үлгілі адам қарапайым келеді. Ондай адам қарапайым ортада өз биігін сезіне тұрып, онысын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Адамдардың білімі жете бермейтін тақырыптарды қозғамайды. Оның айтқан әр ойы өзгелердің пікіріне құрметпен қараудан тұрады.  

6. Жақсы сөйлеуден бұрын, жақсылап тыңдап үйреніңіз. Жақсы әңгімешіге айналып, жақсы ортада бөліп тұрасыз. 

7. Іске қатысты қысқа әрі нақты сөйлеуге тырысыңыз. 

8. Жағымпаздықпен бірге ақымақтық қақпасы қос ашылады.

9. Достарыңыз туралы айтып жатып, оларды бір-бірімен салыстырмаңыз. Әрқайсысының артықшылығы бірін көтеріп, бірін төмендетуден көрінбейді.

10. Жүрекке жарақат салуы мүмкін әңгімені бастамаңыз. Өсек пен жылап-сықтау үлгілі адамның ісі емес.

11. Сөз тапқыш адамның өзі де топтың назарын өзіне аударам деп, көкесек әрі тәрбиесіз адамға айналып шыға келуі мүмкін. 

12. Ұлы адамдардың дәйексөзін көп айтуға болмайды. Тамақтың дәмін келтіретін дәмдеуіш секілді оларды артық мөлшері қосылған жағдайда тағамды құртады. 

13. Тақуашылдық интеллект емес, ақымақтықтың көрінісі. 

14.Туған тіліңізде дұрыс сөйлейтін болыңыз.

15. Егер біреулер өз сөзінде қателік жіберіп жатса, еш уақытта ескерту айпаңыз. Әңгімелесушінің сөздегі қателігіне немесе тағы бір кемшіліктеріне назар аудару, көргенсіздік саналады. 

16. Ғалымдарға термин сөздерді айтуға тыйым салынады. Жақсы айтылғанмен, көпшілік түсінбеуі мүмкін. Алда-жалда термин сөзді айтып алып, артынша түсіндіруге тырысып жатсаңыз да, ешкім де сізге алғыс айтпайды.

17. Өз ортаңызда күлегештің рөлін сомдамауға тырысыңыз. Әйтпесе, әр кеште "күлкілі адам" атанып шығасыз. Мұндай рөлді үлгілі адам сомдамауы тиіс.

18. Қатарластарыңыз сіздің өзіңізге емес, сөзіңізге күлетін болсын. 

19. Мақтаншақтықтан қашыңыз. Ақшаңыз жайында, байланыстарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз туралы айтып жату, нашар қасиетті айқындайды. Сонымен сол қатарда, белгілі адамдарды иемденуге тырыспаңыз: "Менің досым... әкім", "Менің жақыным, президент Н".

20. Тұңғиық ой иесі болып көріну үшін ерін шүйіре отырып күлкі мен емен-жарқын әңгімеден бас тартпаңыз. Ортаңызға қарап көсіліңіз. Үлгілі ерлердің қағидасына қайшы келмесе, еш нәрседен бас тартушы болмаңыз.  

21. Өз тіліңіздегі терминдер мен дәйексөздерді туған тілде айтпау - көргенсіздік, ең бір ақымақ, орынсыз көрініс.

22. Егер әңгімелесушіңіздің ашулана бастағанын сезсеңіз, онда басқа тақырып бастаңыз немесе үндемей қалыңыз. Әйтпесе, салмақты күйден арылған сөздердің салдары бармақ тістеуге алып барады.

23. "Туысқаны асылып өлген арқан туралы оның алдында айтушы болмаңыз" - дейді ағылшын мақалы. Әңгімелесушінің жеке басына қатысты тақырыптарға бастамаңыз, біреудің отбасы ісіне араласпаңыз. Біреудің бар құпиясын сізге (сеніп тапсырып жатса) ешкімге айтушы болмаңыз. Екеуарадағы әңгімені үшіншіге айтуға тыйым салынады.

24. Саяхат қанша жерден үлгілі адамның ақыл-ой биіктігін көрсетсе де, соған қарасты сөздерді араға қыстырмаңыз: "Мен Парижде болғанда...", "Италияда мұны кимейді" тағы солай кете береді. 

25. Өсектеуден қашыңыз. Әйел баласы айтқанда қалай жаман көрінсе, ерлер жағдайында одан да өткен бықсық болар еді.

26. Дауыс көтеру арқылы өз ойыңыздың дәлдігін көрсетпеңіз.

27. Сізге бір қатыссыз екі адамның әңгімесін тыңдамаңыз. Егер олар жаныңызға келіп тұрған болса, шеткері шығып кетіңіз.  

Сіз үшін қолданысқа қажеттісі қайсы?

сурет:www.goodreads.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига