ҰБТ-2012. Жас жауынгерге қысқаша нұсқаулық

ҰБТ-2012. Жас жауынгерге қысқаша нұсқаулық

Сендегі басты қару - білім мен өз-өзіңді ұстай білу қасиеті. Ал қалған білуге тиісті дүниелер мен атқарар борыштар алда. Ұлттық бірыңғай тестілеу арнайы дайындалған базда болады. ҰБТ турасында сіз бәрін білесіз бе?

ҰБТ- 2012 қалай өтеді?

А) Математикадан логикалық есептер қосылады.

Ә)  Металіздегіш құралдар қолданылады.

В) Ұялы телефондарға қарсы аппараттар дайындалады.

Г) Аудитория ішінде видео орналасады, ал оны кезекшілер сырттан қарап отыратын болады.

ҰБТ- 2012-нің басталуы

1. Түлектерді аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Құжаттарды қоса тексереді.

Анықтама, құжат, жеке куәлік, өткізу қағазы мен оның түбіртегі өзіңізбен бірге болуы керек.

2. Түлектер бөгде заттарды алып кірмеуі үшін кезекшілер кіреберістің бойында жүретін болады. Мектеп түлектері бірдей аудиторияға кіріп болғанша бақыланады.

3. Әрбір түлек отырғызу қағазын алады, сол арқылы қағазда көрсетілген орынға барып отырады.

Әрбір түлек  өзіне тиесілі орынға отырғанын растау үшін отырғызу қағазының тұсына қол қоюы қажет.

4. ҰБТ уақыты басталды дегеннен, аудиторияға кіргізу тоқтатылады.

Аудитория ішіне ҰБТ-ның арнайы  кезекшілері мен Министірліктің қызметкерлері ғана кіре алады.

ҰБТ уақыты басталған сәттен бастап, сыртқа шығу мен ішке кіру есіктері тарс жабылады.

Бөгде адамдардың кіруіне мүлде рұқсат етілмейтін болады.

ҰБТ- 2012-нің барысында...

Қай ережелерді бұзуға болмайды? Сөйлесуге, орын мен сынақ кітапшасын ауыстыруға болмайды. Және көшіруге, шпаргалка, калкульятор, фотоаппарат, ұялы телефон байланыстары (пейджер, планшеттер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбук пен плейерлерді қолдануға рұқсат етілмейді.

Тәртіп бұзған жағдайда:

Ұстап алған жағдайда мемлекет қызметкері акт толтыруы мүмкін. Онда сіздің не нәрсемен ұсталғаныңыздың бәрі жазылатын болады.

Ережелерді бұзуыңызға байланысты Министірліктің қызмтекері сізді ҰБТ тапсыру құқығынан айыруы мүмкін. Ондай жағдайда мектепке барып, қайта емтихан тапсырасыз. Бірақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігіңіз болмайды.

ҰБТ- 2012-нің соңы!

1. ҰБТ соңында аудитория ішінде отырған түлектер саны  5 адамнан кем болмауы тиіс. Бұны сізге 45 минут ішінде ескертуі тиіс.
2. ҰБТ уақыты аяқталғанына қарамастан, емтихан қағазын ұстап отырар болсаңыз, онда жарамсыз қылып тастауы мүмкін. Мемлекет қызметкеріне "Уақытында өткізбеді" деп  акт жасауына болады. 

Дау бола қалған жағдайда:

ҰБТ-ны қайта тапсыруға арыз беруге болады.

ҰБТ аяқталған соң, мемлекеттік комиссия құрылады. Олар мектеп түлектерінің шағымдарын қарайды. Шағымдары расталып жататын болса, онда сіздің пайдаңызға балл қосылады. Айтпақшы, қорытындыны өздері шығарады.

Арызды қалай беруге болады?

1. Шағымды аппеляциялық комиссияның төрағасына жазасыз.

Шағымды қарау мен қорытынды шығару бір күн бойына жүргізілетін болады. Түскі 14.00-ге дейін шағым тастап үлгеруіңіз керек.

3. Шағым тапсыру кезінде өзіңізбен бірге жеке құжатыңыз бен ҰБТ-ға кіру рұқсат қағазын алып жүруіңіз тиіс.

ҰБТ -2012 аяқталды!

Сертификат пен аттестат өз қолыңызда!

Форумда талқылау

Суреттер: entguick.net 

Л. Лига