Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Отандық ЖОО-ларда білім алу қанша тұрады?

Отандық ЖОО-ларда білім алу қанша тұрады?

Отандық ЖОО-ларда білім алу қанша тұрады?

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылы гранттар саны артады. Соның арқасында 35 мың түлек мемлекеттік білім тапсырысымен тегін білім алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл өту балын жинаған талапкерлердің бар болғаны жартысы ғана, қалған жартысы оқуын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр.

Сонымен қазақстандық ЖОО-ларда бакалавриат программаларының бағасы қанша?

Батыста беделді саналатын медицина мамандықтары қазақстандық оқу орындарында да ең қымбат мамандықтар қатарында екен. Мәселен: 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті талапкерлерді өздеріне шақыра отырып, жылына 621 500 теңге төлеуді ұсынады.  Ал Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алу одан да қымбат – жылына 800 000 теңге.

«Премиум» тізіміне кіретіндерге – халықаралық қатынастар, экономика және құқық факультеттері жатады. Мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да олардың құны 635 800 теңгеге тең.

Халықаралық бизнес академиясы да арзан емес – мұнда білім алу  үшін 597 мыңнан (құқық факультетіне) 707 000 теңгеге дейін ( экономика факультеті) шығындалу қажет. Халықаралық бизнес университеті (UIB) болашақ экономисттерге 455 000 теңгелік планка қойған, «Тұран» болса – 390 000 теңге.

Мансабын халықаралық қатынастармен байланыстыруды және Сүлеймен Демирел атындағы университетте білім алуды шешкен студенттер анағұрлым көбірек төлеуге мәжбүр – 825 000 теңге. «Халықаралық қатынастардағы» студенттерге Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқыған шамамен 2,5 есе тиімді – 325 000. 

Өз кезегінде ең арзан факультеттерге - Тарих, Философия, География, Механика-математика факультеттері жатады. Жоғары білімі бар маман болып шығу үшін жылына 200 000 теңгеден (Қонаев атындағы университетте) 500 000 теңгеге дейін (ҚазҰУ-да) қаражат болса жеткілікті.

Шамамен болашақ мұғалімдердің де оқуы осынша тұрады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жалпы 6 факультетке негізделген және кез келген мамандықтың оқу құны 300 000 теңге тұрады. «Педагогика және психология», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандықтары бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алу - 396 000 теңге.

Ал егер архитектор мен құрылысшыға оқығыңыз келсе, онда Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында 410 000 теңгеден басталады, ал ҚазҰТУ-да 352 000 мен 464 000 арасы.

Бүгінде сұранысқа ие мұнайшыларды Атырау қаласында 350 000 теңгеге (жылына)  маман дайындайды.  Мұнай-газ мамандықтары Алматыдағы ҚазҰТУ-да 528 000 тұрады.

Жылына 484 680 теңге төлеу мүмкіндігіңіз болса, Алматы энергетика және байланыс университетінде қалаған мамандығыңызды меңгере аласыз: ақпараттық жүйелер, жылу энергетикасы, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және тағы басқа. Физик-ядерщик, эколог, биотехнолог болу мүмкіндігі Гумилев атындағы университетте бар – бакалавриат (жылына) 630 000 – 650 000 теңге аралығында.

Дәл осы бағаға Гумилев атындағы университетте аударма ісі, журналистика, дизайн және туризм факультеттерінде білім алуға болады.

Білім алу бағасын салыстыра отырып, қазақстандық талапкерлер көбіне Ресей, Қытай, Түркия, Малайзия университеттерін таңдап жатады. 

Қазақстандық шекараға жақын орналасқан Омбы қаласында заң және экономикалық мамандықтар 2,5 мың доллар тұрады. Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университеті болса 3-3,8 мың долларға дәрігерлер мен фармацевттерді дайындауға көшеді.

Синьцзян университетінің қызметі – 2,5 – 3 мың доллар шамасында. Оңтүстік Қытай Технологиялық университетінде бар-жоғы 3,2 мың долларға-ақ оқып шығуға болады. Бейжің педагогикалық университетінде «қытай тілі» мамандығы бойынша бакалавриат  жылына 4 мың доллар тұратын болады.

ҚР білім және ғылым министрлігінің сайтындағы статистикаға сәйкес, жыл сайын шамамен 30 000 адам (өз қалтасынан төлейтіндер) білім алу үшін шетел асады. Олардың көбі Еуропаға аттанады, статистика бойынша екінші кезекте – Ресей ЖОО-лары, үшінші – АҚШ, содан соң Малайзия мен Қытай елдері тұр.

Ақпарат көзі: Nur.kz

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: voxpopuli.kz

11935 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 25 тамыз 2013, 08:36
Пікірлер
+0
21 маусым 2013, 12:32

Қымбаттап кетіпті ғой. Біз оқып жүргенде ең қымбаты КБТУ, Кимеп, Политех еді. Жылына 825 000 көп қой почти 5500 доллар, бір машинаның құны.

+0
21 маусым 2013, 12:34

Ресей мен Қытайда білім алып келген тиімді сияқты мына бағаларды көріп + шет елдің дипломдарын бізде қатты бағалайды ғой

+0
21 маусым 2013, 12:44

Қонаев атындағы университет ең арзаны екен, осы универде оқығандар болса, қандай универ екенін айта отырса... )

+0
21 маусым 2013, 13:46

БҚММУ (Ақтөбе мед) қанша екен???

+0
21 маусым 2013, 15:04

650000 теңге жалпы медицина факультеті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...