2013 жылы қанша грант бөлінді?

2013 жылы қанша грант бөлінді?

Массагет сайты мектеп түлектеріне көмек көрсету мақсатымен 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ҚР ЖОО-лары мен мамандықтарға бөлінген мемлекеттік грант санын ұсынады. Тізімді мына жақтан жүктеп алып, көре аласыздар. 

Айта кетсек, өз кезегінде, білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу өтініштері ағымдағы жылдың 23-31 шілде аралығында қабылданады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті минималды балл 50 балл болса, ұлттық жоғары оқу орындарына түсуге кемінде 70 балл қажет. «Жалпы медицина» мамандықтарына - 55 балл оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл.

Сонымен қатар, білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу барысында жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауда төмендегі азаматтар категориялары бойынша белгіленген квота есепке алынады:

* Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар үшін – 30%;

* І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар тобындағы мүгедек азаматтар үшін – 1%;

* Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;

* Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 %;

* Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 %.

Білім гранты иегерлерінің жалпы тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» баспа беттерінде жарияланатын болады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: admorlov.ru 

Ж. FM