EcoSystem: Entrepreneurial Meet Up нәтижесі қандай?

EcoSystem: Entrepreneurial Meet Up нәтижесі қандай?

2019 жылдың 10 мен 11 желтоқсанында Astana Hub алаңында "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасының осы маусымға қорытынды шарасы өтті. Ұйымдастырушылар қорытындылап, ал болашақ кәсіпкерлер өз стартаптарын таныстырды. Студенттер мен ұстаздар жаңа жыл қарсаңында керемет шабыт, драйв және біліктіліктерін нығайтуға мүмкіндік алды.

Entrepreneurial Meet Up – бұл шара студенттер, оқытушылар мен өңірлік оқу орындарының қызметкерлері, яғни "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасыныңрезиденттері біліктіліктерін жаңа сапаға арттырады, әр қатысушы белсене араласып, жаңа тақырыптар мен трендтерді талқылайды.

Данияр Бексұлтанның AlmaU кәсіпкерлік пен инновация Project Captain & Programs Lead мектебінде "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасы ERG компаниясының бастамасымен және Алматы Менеджмент Университетінің, Тель-Авив университетінің Қазақстандағы достары қауымдастығының қолдауымен 2017 жылдың наурызында іске қосылған. Жоба кәсіпкерлік білімді дамытуға, кәсіпкерлік климатты жақсартуғажәне елдің төрт аумағында экономиканы дамытуға бағытталған. Ол аймақтар: Қарағанды, Ақтобе, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Жоба студенттердің кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен қабілетін артырады,стартаптар жасап, оларды іске қосуды үйренеді. Оқытушылар мен оқу орындары қызметкерлері мемлекет экономикасына сәйкес дамығысы келетін таланттарды дайындауда біліктілігі мен қабілетін арттыруға мүмкіндік алады. Біздің жоба іс әрекет пен тәжірибе арқылы кәсіпкерлік пен инновацияны түсінуге мүмкіндік береді", - деп баса айтты Данияр.

Жобаның іске асқан екі жылында студенттер шамамен 617 түрлі бизнес-идеялар, 264-тей шешілген бизнес-кейстер ұсынды. Жобаға 4000-нан аса студент және 600-ден астам ұстаздар мен қызметкерлер қатысқан. Жобаға 100 менторлар мен трекерлер, шамамен 70 спикерлер мен сексендей әділқазылар қатыстырылған. Қазіргі таңда студенттер шамамен 20 стартап жүзеге асырып жатыр, олар қазір әр түрлі деңгейде іске қосылуда.

Форумға қазан, қараша айларында Аймақтық кәсіпкерлер уйкенді аясында өткен "REWChallenge" стартаптар байқауының жеңімпаздары, сонымен бірге бүкіл Қазақстандағы ЖОО, колледждерінен оқытушылар мен қызметкерлері қатысты.

Студенттер өздерінің қазірдің өзінде пайда әкеліп жатқан сәтті стартаптарымен бөлісті. ААМУ студенті Салтанат Орманова "Қағаздан жасалған мүсіндер" жобасын таныстырды. Онда студент геометриялық мүсіндерді қағаздан жасайды да, жұмысына риза клиенттерді тауып отыр. ПМПУстуденті Аида Амантаева өзінің "FeelLettersтактильді әліпбиі" деп аталатын керемет жобасы туралы айтты. Ол ерекше балаларға тез және сапалы әліпби үйретуге арналған жоба. Тағы бір ИнЕУ студенті форум қатысушыларына дәмді де, пайдалы  "Фрипсы" жобасын ұсынды, Ол дұрыс тамақтануға арналған жемістен жасалған  чипстер тіске басары. Мұндай чипстерді оның өз университетіндегі кофеханада студенттер өте жақсы сатып алып жатыр.Барлық жас студенттер өз сөздерінде Қазақстанның болашағына, өз мүмкіндіктері мен күштеріне сенетіндерін айтты.

Бұл экономикалық тұрғыда ұзақ мерзімді жобаны ERG, AlmaU School of Entrepreneurship and Innovations, Қазақстандағы Тель-Авив университеттері достастығы Ассоциациясы ұйымдастырып келеді.

Н. Үсенова