«Кәсіпқор» студенттер жинап жатыр

«Кәсіпқор» студенттер жинап жатыр

«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлық қоғамы  Мұнай саласында кадрлар дайындау мен кадрларды қайта оқытумен айналысатын аймақаралық орталығына (Atyrau Petroleum Education Center) студенттер жинауды бастады, деп хабарлайды bnews.kz.

APEC Petrotec-тің оқу бағдарламасы «Кәсіпқор» Холдингі және Оңтүстік Альберта Технология Институтымен  (SAIT Polytechnic) бірігіп жасалған.

Студенттер келесі мамандықтар бойынша білім ала алады:

- мұнай мен газды өндіру технологиясы;

- бақылау-өлшеу приборлары мен автоматизацияның технологиясы;

- кен орнының эксплуатациясы.

Оқу жоспары халықаралық стандарттарды, әлемдік тәжірибелерді және қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларының талаптарын ескере отырып әзірленген.

APEC Petrotechnic ерекшеліктері ағылшын тілінде оқыту; тегін білім беру; қазақстандық және халықаралық үлгідегі диплом (диплом және SAIT Polytechnic сертификаты); заманауи жабдықтарда тәжірибе жүзінде үйрену; мұнай-газ компанияларымен тығыз өзара қатынас болып табылады.

Баспасөз қызметінің айтуынша, APEC Petrotechnic-ке алынған теориялық білімдерін бекітуді және тәжірибелік дағдыларын дамытуды қалайтын 11 сынып, колледж және жоғары оқу орындарының түлектері түсе алады. Студенттерді қабылдау ағылшын тілі, математика, физика және химия пәндері бойынша түсу емтихандарын тапсыру нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Сабақ Foundation бағдарламасы бойынша 2013 жылдың қаңтарынан басталып 2013 жылдың тамызында аяқталады. Бағдарламаның негізгі мақсаты ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, кәсіби пәндерді және мұнай-газ ісінің негіздерін оқыту. Foundation бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер таңдалған мамандықтың негізгі техникалық бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: careers.microsoft.com