ЖОО ректорлары мен проректорлары Білім және ғылым министрімен кездесті

ЖОО ректорлары мен проректорлары Білім және ғылым министрімен кездесті
Фото: edu.gov.kz

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сонымен қатар бүгінгі жаппай цифрландыру заманында білім беру саласына көп назар аударылып жатыр. Себебі сапалы білім - барлық бастамалардың сәтті жүзеге асуының бірден-бір кепілі. Осы ретте 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өңірлердегі жоғары оқу орындарының ректорларымен және проректорларымен кездесті.

Ерлан Сағадиев Қазақстандағы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігінің кеңеюі ЖОО-ларға студенттерді қабылдау тәртібін реттеп, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтау құқығын бермек. Мұндай мүмкіндіктер бұрын тек ұлттық жоғары оқу орындарында ғана болған болатын.

Сондай-ақ Білім министрі елде орын алып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы реформалардың қатарында білім беру саласына баса мән беріліп отырғандығына ерекше тоқталып, атап өтті.

Жиын барысында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасап, өз сөзінде вице-министр жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобасын жетілдіру бойынша қыруар жұмыстар атқарылғандығын атап айтты.

Кездесу одан әрі сұрақ-жауап форматында жалғасып, жиынға қатысушылар мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.  

Н. Үсенова