Мемлекеттегі алғашқы классикалық университет

Мемлекеттегі алғашқы классикалық университет
Фото: vlast.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі. Тарихы 1933 жылдан басталатын университет қазіргі кезде мемлекет экономикасына, білім жүйесіне, саяси жағдайына үлкен әсер етуде.

Көптеген сапалы кадрлардың мамандануына мүмкіндік беретін университет отандық компанияларға кәсіпқой мамандарды дайындауда. ҚазҰУ – мемлекеттегі алғашқы классикалық университет. Дүниежүзілік рейтингтерде, Орталық Азиялық университеттерінің арасында әрқашан алғашқы орындарда тұрады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша ҚазҰУ әлемдегі ең беделді университеттердің қатарына кірген болатын. Бұл рейтингті «Таймс» газеті құрған еді және сол рейтингте әлемдегі 16000 жоғарғы оқу орындарынан тек қана 600-і ғана іріктелген.

Университетте 20 мыңнан астам студент оқиды және олардың көбі мемлекеттің басқа аудандарынан және көршілес елдерден келіп оқып жүргендер. Университеттің басты миссиясы – бәсекеге қабілетті, сапалы білім алған, маңызды мәселелерді шеше алатын кадрлерді дайындау. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тек республикалық деңгейде емес, жаһандық деңгейде ортаазиялық білім орталығы ретінде қарастырылады.

Университет аясында ерекше ғылыми инфрақұрылым жұмыс жасайды және бұл инфрақұрылым 24 ғылыми институттан, ғылыми орталықтардан және ғылыми-техникалық парктен тұрады. Бұл орталықтарда ғылыми идеялардың жүзеге асуын байқауға болады. Мемлекеттік ғылыми зерттеулердің 50%-на жуығы – әль-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында жүргізіледі.

ҚазҰУ жаңа заманға сай оргтехникамен қамтамасыздандырылған. Университеттің аудиторияларында сабақ беру процессі интерактивтік тақталардың қолдануымен өтеді. Компьютерлік класстардың болуы әр студент пен магистрантқа ақпаратты дер кезінде табуға мүмкіндік береді. Жатақхана мен университеттің толықтай Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілуі қолға алынды. ТМД елдеріндегі университеттер арасында еш уақытта болмаған интернет-кафе ашылды. Интернет-кафе 300 студентке ақпарат табуға, алмасуға мүмкіндік беріп келеді.

Қорытындылай келе, әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті – мемлекеттің ең басты білім орталықтарының бірі. Бұл университетте болашақта мемлекеттің дамуына себепкер болатын студенттер мен магистранттар білім алып жатыр. Университет мыңдаған студентке қайталанбас мүмкіндіктер беріп, білім мен ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шет тілі кафедрасының оқытушысы
Гүлназ Қайрақбаева,
Медицина факультетінің 1-курс студенті
Тұрсынхан Ақбота

Г. Берік