Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Қазақстан / Университетті қалай «аман-есен» бітіремін?

Университетті қалай «аман-есен» бітіремін?

Университетті қалай «аман-есен» бітіремін?

Мектепті аяқтадық, міне – үлкен өмір. Бүгінде «балмұздақ» ретінде жаңа оқу орнында сабақты бастап кеттіңіздер. Бірақ, университетке түскен бойда бәрі сіз ойлағандай бола қоймайды. Сондықтан, сіздерге студент өмірінде кездесуі мүмкін қиындықтарды айтып, олардың шығу жолын ұсынамыз.

Көмек сұраудан қорықпаңыз:
Әрине, достарыңызбен бір ортаға қайта түссеңіз адамдармен байланыс орнату сізге қиынға соқпасы анық. Бірақ, кейде сіз бөтен адамдардың ортасына тап боласыз. Сондықтан, кез келген уақытта көмек сұраудан жасқанбаңыз. Керек аудиторияны таба алмай жүрсіз бе? Құжаттарды қалай толтыру керегін білмейсіз бе? Сеніңіз, бұл сұрақтарға жауап беретін жоғары курс студенттері табылады.

Таптауырын әдеттерден арылыңыз:
Өзіңізді басқа қырыңыздан сынап көріңіз. Би үйірмелері, студенттік телеарна, хор, тіпті чирлидинг үйірмелеріне бас сұғыңыз. Біріншіден, қызықты студенттік өмір үшін сізді қоршаған адамдардың болуы маңызды. Екіншіден, студенттік шағыңызды сағынатын себеп пайда болады.

Тәуекелге бел буып үйреніңіз:
Барлық мүмкіндіктің етегінен шап беріп ұстауды үйреніңіз: кез келген байқаулар, бәйгелер мен жарыстарда бағыңызды сынаңыз. Бірақ, сабақты да естен шығармаңыз! Ұмытпаңыз, сіздің басты мақсатыңыз – оқу!

Сабақтарда белсенділік танытыңыз:
Сіз үнсіз отыра берсеңіз, сіздің қабілетіңізді ешкім аңғара алмайды. Шынымен, өзіңізді дәлелдегіңіз келсе, сабақтарға белсенді қатысыңыз. Есіңізде сақтаңыз, университетте өзіңізге тиісті бағаларды аласыз. Сізді сүйрейтін, сізге демеу көрсететін ешкім болмайды.

Адамдармен танысыңыз:
Жоғары курс студенттерімен, өзіңіздің құрдастарыңызбен жақсы араласыңыз. Адамның күні адаммен. Достарыңыз, таныстарыңыз көп болған сайын, сіздің ортаңыз кеңейе түседі.

Сессиядан қорықпаңыз:
Сіз университетке келместен бұрын, талай емтихан тапсырдыңыз. Бұл да – кезекті емтихан. Дайындалсаңыз, оқысаңыз ешқандай қиындық тумайды.  Көптеген топтар өзара дайындалады. Бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Өзіңізбен бірге оқитын өзге студенттерге осы әдісті ұсыныңыз.

Мектепте үйренгендеріңізді ұмытыңыз:
Алдымен, сөздік қорыңыздан «қоңырау», «апай, мұғалім» секілді сөздерді алып тастаңыз. ҰБТ-дан алған баллыңыздың  енді маңызы жоқ. Сонымен қатар, ендігі оқу өзіңіз үшін. Ешкім сіздің ата-анаңызды директорға шақырмайды, сынып жетекшіңіз үйіңізгеқоңырау шалмайды. Бірақ, бұл еркіндіктің өзің тиімді пайдалаңбасаңыз, басыңызға қара бұлт төнуі әбден мүмкін.

Бәрін жеңіл қабылдаңыз:
Егер ауырып бір күн сабақтан қалсаңыз, сізді университеттен шығарып жібермейді. Егер сабаққа кешіксеңіз де, оқуды жалғастыра аласыз. Тек, сабақ беретін ұстаздармен тіл табысыңыз. Бәрі жақсы болады.

Енді есте сақтаңыз!
Студенттік өмір – ең тамаша уақыт. Әлі бағытыңыз айқын емес. Ол бағытты бұруыңызға, басқа жолды таңдауыңызға уақыт пен мүмкіндіктер бар. Бірақ, уақытыңыз шектеулі. Сондықтан тек оқу мен қызықты сәттерден гөрі, өзіңіздің мансап жолыңызды да қалыптастырыңыз.

Біз сізге сенеміз, студент!

5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: IITU.KZ
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2017, 11:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.